Мемлекеттік қызметшілер күніне орай салтанатты шара

Мемлекеттік қызметшілер күніне орай салтанатты шара

Мемлекеттік қызметшілер күніне орай Батыс Қазақстан облысының құрылыс басқармасында салтанатты шара өткізілді.

Басқарманың қызметкерлері  Батыс Қазақстан облысының әкімі  Е.Н.Есқаливтің, әкімнің орынбасары Т.Ж.Мендығалиевтің атынан Алғыс хаттармен марапатталды. Соңымен қатар ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің БҚО бойынша департаменті басшысының, әдеп жөніндегі Кеңес  төрағасының атынан  Алғыс хаттары , БҚО мемлекеттік мекемелер қызметкерлері салалық кәсіподағының төрағасы атынан Құрмет грамоталары және БҚО құрылыс басқармасының басшысы атынан Алғыс хаттар табысталды.

Құрметті Мемлекеттік қызметшілер! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтай отыра, ел игілігі жолындағы қызметтеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық, береке-бірлік тілейміз! Отанымыз – Қазақстан Республикасының өсіп-өркендеуі жолындағы қызметтеріңіз жемісті болсын!