
2019 жылдың 17 қазан күні Орал политехникалық колледжінде "Кәсіпкерлік қызметтің негіздері" курсын оқыту аясында дәріс өтті. Дәрісті тыңдаушылар ретінде колледждің жоғары курс студенттері қатысты. Дәрістің қонағы ретінде колледждің әлеуметтік серіктесі, «СКФ Отделстрой» ЖШС-ның директоры, қалалық маслихат депутаты Валентина Павловна Михно шақырылды.
Бұл курсты енгізудің басты мақсаты-қазіргі жастар арасында кәсіпкерлік ойлауды қалыптастыру.
Дәріс барысында Валентина Павловна өзінің өмір жолы мен еңбек жолы туралы, шағын және орта бизнестің артықшылықтары туралы, өзінің өмірбаянынан дәлелдер мен растаулар келтіріп айтып берді. Өзі басшы ретінде экономика дағдарысының өтпелі кезеңінде кәсіпорындағы жағдайды өзгертті және тұрғын үй құрылысы, ғимараттар мен құрылыстарды жөндеу және қайта құру бағытындағы мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға қатысудың арқасында кәсіпорынды көшбасшыға шығарды.
Құрылыс саласындағы кәсіпкерлік қызметтің перспективасы студенттердің танымдық қызығушылығын тудырып, келген қонаққа сұрақтар қойылды. В.П.Михно студенттер үшін мотивацияның негізгі түрі - мамандықты жоғары деңгейде игеру және құрылыс пен құрылыс индустриясындағы инновацияларға бағдарлану екенін атап өтті.