Ағымдағы жылы 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасының әлеуметтік кредиттік тұрғын үй бағыты шеңберінде БҚО Теректі ауданы Тоқпай ауылында 2 тұрғын үй жобасы бойынша құрылыс жұмыстары басталды. Әр жоба бойынша барлығы 240 пәтерлі 20 алты пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы жоспарлануда, құрылыс бірыңғай сәулет стилінде жүргізілуде. Құрылысқа облигациялық қарыз есебінен қаражат бөлінді.
Құрылыс монтаж жұмыстары «Каз-Хол» ЖШС-мен жүргізілуде. Бүгінгі таңда 7 үйдің ішкі әрлеу жұмыстары толығымен аяқталып, терезелері орнатылып, шатыры жабылды. Ағымдағы жылы 1 жобаның құрылысын аяқтау жоспарлануда, яғни пәтер кілтіне 120 жанұя ие болады.