
Бүгін Бөкей ордасы ауданының Шонғай ауылындағы су құбырының салтанатты ашылуы өткен болатын. Су құбырының құрылысын "УниверсалСтройСервис" ЖШС жүргізді. Нысанның құрылысына 162 млн. теңге көлемінде қаражат бөлінді. 6 км құбыр салынып, бұл өз кезегінде 193 адамды орталықтандырылған сумен қамтамасыз етіп отыр.