Меню

Страницы

Статья

ҚҰРЫЛЫС

ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ

2023 жылы «Қуатты өңірлер - елді дамытудың драйвері» ұлттық жобасы шеңберінде жергілікті атқарушы орган кезегінде тұрғандар үшін 15 көппәтерлі тұрғын үй немесе 1814 пәтер (Орал қ. №15, 42, 54 және Ақжайық ш/ауданындағы 12 ш/а. №1, 4 ш / а. №1, 2, 3, 4, 7, 8, 9, 10, Ақсай қ. № 26, 27, 39) және АЕМ-де 42 тұрғын үй немесе 563 пәтер (33 кредиттік тұрғын үй (Тоқпай ауылында 20 т/үй, Подстепное ауылында 13 т/үй, барлығы - 348 пәтер) және 9 жалға берілетін тұрғын үй (Теректі ауданы-5 үй, Шыңғырлау ауданы - 1 үй, Ақжайық ауданы-3 үй, барлығы-215 пәтер) құрылысы қарастырылған, барлығы 2377 пәтер,  оның ішінде жылдың қорытындысы бойынша 7 көппәтерлі тұрғын үй (680 пәтер) және АЕМ – де 23 тұрғын үйді (213 пәтер), барлығы 893 пәтерді пайдалануға беру жоспарлануда. 8 көппәтерлі тұрғын үй (1134 пәтер) және АЕМ – де 19 тұрғын үйдің (350 пәтер) құрылысы, барлығы 1484 пәтер құрылысы 2024 жылға ауыспалы.

Ағымдағы жылы тұрғын үйлер құрылысына және сатып алуға 14,3 млрд. теңге қарастырылды (бағалы қағаздар шығару есебінен – 8,9 млрд. теңге, РБ – 1,7 млрд. теңге, ЖБ – 3,2 млрд. теңге, төтенше жағдайлар резерві есебінен – 0,5 млрд. теңге).

2023 жылға тұрғын үйді пайдалануға беру жоспары 629,7 мың ш.м. құрайды. Құрылыс жұмыстарының көлемі бойынша жоспар – 223,6 млрд. теңге немесе 101% құрайды.

Барлығы жылдың қорытындысы бойынша бюджет қаражаты есебінен 1 087 пәтерді қолданысқа беру жоспарлануда, оның ішінде:

- сатып алу – 178 пәтер,

- құрылыс – 893 пәтер,

- төтенше жағдайлар резерві есебінен – 16 пәтер.

 

РБ есебінен ағымдағы жылы халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғынжайын сатып алуға 1,7 млрд. теңге қарастырылып, облыс бойынша 178 пәтер сатып алу көзделген.

РБ есебінен 1 пәтерді қаржыландыру 9,6 млн. теңгені құрайды.

 

2023 жылдың қорытындысы бойынша бюджет қаражаты есебінен 7 көпқабатты тұрғын үй (680 пәтер) және АЕМ – де 23 тұрғын үйді (213 пәтер) пайдалануға беру жоспарлануда, барлығы - 893 пәтер. Оның ішінде:

  • «Отбасы банк» АҚ салымшылары үшін - 7 көппәтерлі тұрғын үй (Орал қ. №15, 54 және Ақжайық ш/ауданындағы 4 ш / а. №1, 7, 8, 10, Ақсай қ. № 39, барлығы - 680 пәтер) және АЕМ-де 20 тұрғын үй (120 пәтер), барлығы - 800 пәтер;
  • Жергілікті атқарушы орган кезегінде тұрғандар үшін - АЕМ-дегі 3 тұрғын үй (Ақжайық ауданы – 2 үй (48 пәтер), Шыңғырлау ауданы – 1 үй (45 пәтер), барлығы – 93 пәтер.

Сонымен қатар әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін жергілікті атқарушы органның төтенше резерві есебінен Бөрлі ауданында 16 тұрғын үй құрылысына 0,5 млрд. теңге бөлінді.

         2023 жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша тұрғын үйді пайдалануға беру көлемі – 402,1 мың ш.м. немесе 100,5% құрады. Құрылыс жұмыстарының көлемі – 200,9 млрд. теңге немесе 141,9%. Тұрғын үй кезегінде тұрған «Отбасы банк» АҚ салымшылары үшін 3 көппәтерлі тұрғын үй (Орал қ. №15, Ақжайық ш/ауданындағы 4 ш / а. №1, 7) немесе 200 пәтер,  төтенше жағдай кезінде зардап шеккендер үшін Бөрлі ауданында 16 тұрғын үй немесе 16 пәтер пайдалануға берілді.

 

 

ИНЖЕНЕРЛІК-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ

         2023 жылы «Қуатты өңірлер - елді дамытудың драйвері» ұлттық жобасы шеңберінде Орал қаласында және облыс аудандарында 28 ИКИ нысанының құрылысы қарастырылған. Ағымдағы жылы ИКИ құрылысына 5,4 млрд.теңге (РБ – 4,3 млрд. теңге (5 жобаға), ЖБ - 1,1 млрд. теңге (15 жобаға) бөлінді.

         2023 жылдың қорытындысы бойынша жеке тұрғын үй құрылысына арналған 2510 жер телімін инженерлік желілермен қамтамасыз ету жоспарлануда (Бөрлі ауданы – 1186 жер телімі, Теректі ауданы – 1324 жер телімі).

 

 

АУЫЛДЫҚ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІ АУЫЗ СУМЕН ҚАМТУ

Облыста халқы 313 мың тұрғыны бар 414 АЕМ бар.  

«Күшті өңірлер - елді дамытудың драйвері» ұлттық жобасы шеңберінде 2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесіне қол жеткізе алатын ауылдар саны 256 (416-дан) құрады, 288 мың тұрғыны бар немесе барлық ауылдар халқының жалпы санының 92% - ы, оның ішінде 15 ауылда кешенді блок модульдер орнатылған.

2023 жылы 33 мыңнан астам халқын қамтитын 47 ауылдық елді мекендерін сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында 44 жобаны іске асыруға 6,3 млрд.теңге көзделіп отыр. Соның ішінде, жергілікті бюджет есебінен 1768 адамды қамитиын 15 ауылда КБМ орнату жоспарлануда.

Бүгінгі таңда 2 нысанның (Сырым ауданы Алғабас және Қарағанды ауылдарын, Шыңғырлау ауданы Шоқтыбай ауылында су құбырының құрылысы) құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Сонымен қатар, жалпы мыңға жуық тұрғыны бар 9 ауылда (Жәнібек ауданы Көлтабан, Құрсай, Өнеге, Жұмаев ауылдары, Ақжайық ауданы Жолап ауылы, Бөрлі ауданы Пепел разъезді, Казталов ауданы Аққурай, Жас ауылдары, Тасқала ауданы Талдыбұлақ ауылы) КБМ орнатылды.

Нәтижесінде, 01.10.2023 жылғы жағдай бойынша ауыл халқының сумен қамтамасыз етілуі 92,4%-ды немесе 288,969 мың адамды құрады.

2023 жыл қорытындысы бойынша 44 АЕМ қамти отырып, 41 жоба пайдалануға беру жоспарлануда, нәтижесінде халықтың ауыз сумен қамтамасыз етілуі – 95%-ға жеткізу жоспарлануда.

        

ӘЛЕУМЕТТІК САЛА НАСАНДАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ

Ағымдағы жылы облыстағы үш ауысымды және оқу орны тапшылығы бар мектептердің мәселесін шешу мақсатында 3 мектептің құрылысы жалғасын тапты (Казталовка ауылы - 600 орын, Жұлдыз ауылы - 108 орын, Қаратөбе ауданының Шалғын ауылы – 60 орын). Бүгінгі күні Жұлдыз ауылындағы мектеп құрылысы аяқталып, қолданысқа берілді. (Қабылдау актісі 22.08.2023 ж.)

Казталов ауданы Казталов ауылындағы 600 орындық мектеп құрылысын «Жиенбай» ЖШС жүргізуде. Келісімшарт құны –2 754,3 млн.теңгені құрайды. Қазіргі таңда нысанның дайындығы 98%. Ішкі әрлеу және абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Нысанды ағымдағы жылдың қараша айында пайдалануға беру жоспарлануда.

Сонымен қатар, 2022 жылы Төтенше жағдайлар желісі бойынша Қаратөбе ауданы Шалғын ауылында 60 орындық ШЖМ (шағын жинақты мектеп) құрылысы басталған болатын. 2022 жылы ЖБ-тен 766 812,0 мың теңге бөлінді. 2022 жылдың қорытындысы бойынша - 368 073,0 мың теңге игерілді. Төтенше жағдайлар желісі бойынша қаражат тек сол жылға қарастырылатын болғандықтан, мердігер «Жиенбай» ЖШС-мен келісімшарт бұзылды. Ағымдағы жылы құрылысты жалғастыруға  ЖБ-тен - 398 740,0 мың теңге бөлініп, қалдық сомаға қайта конкурс жарияланып, "ProfLine Construction" ЖШС-мен келісімшарт жасалды. Келісімшарт құны – 557,4 млн.теңгені құрайды. Бүгінгі күнге нысанның дайындығы 80%. Игерілуі – 368,740 мың теңге. Мектепті ағымдағы жылдың қараша айында пайдалануға беру жоспарлануда.

Бұдан бөлек, «Жайлы мектеп» жобасы аясында 2023-2025 жылдары 18 мектептің, соның ішінде ағымдағы жылы 9 мектептің (Орал қаласы 3 мектеп - №53 мектеп, №60 мектеп, Медколледж ауданындағы №65 мектеп, Бөрлі ауданында 3 мектептің – Ихсанов атындағы №1, 13 шағынауданындағы және Пугачев ауылындағы мектеп; Теректі ауданындағы Подстепное ауылында, Бәйтерек ауданында Достық және Трекин  ауылдарында) құрылысы жоспарланған. Қазіргі уақытта 6 мектептің құрылысы  басталды. Барлық нысандар 2024 жылға ауыспалы.

Сонымен қатар, КПО б.в. қаражаттары есебінен облыстың                               7 ауданында (Ақжайық, Бәйтерек, Бөрлі, Жәнібек, Казталов, Қаратөбе, Теректі аудандары) 15 шағын жинақты мектеп құрылысы басталды (қосымша жалғанды).

Бүгінгі таңда 2 шағын жинақты мектептің (Бәйтерек ауданы Жалын ауылы, Теректі ауылы Пойма ауылында) құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Спорт инфрақұрылымын дамыту мақсатында 4 дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы жалғастырылуда.

2023 жылдың 3 тоқсанының қорытындысы бойынша Ақжайық ауданының Чапаево және Тайпақ ауылдарында 2 спорт кешені пайдалануға беріліп, қалған 2 спорт кешендерінің (Казталов және Тасқала аудандарында) құрылысы 2024 жылы аяқталатын болады.

Спорт нысандарымен қоса, облысымызда «Ауыл -Ел Бесігі» ұлттық жобасы аясында 7 ауданда 8 мәдени  нысанның (Ақжайық ауданы Бударино ауылында, Бөкей Ордасы ауданы Бисен ауылында, Бәйтерек ауданы Щапов ауылында, Казталов ауданы Қайыңды ауылында, Жаңақала ауданы Қырқопа ауылында, Сырым ауданы Тоғанас ауылында ауылдық мәдениет үйлерінің Тасқала ауданы Тасқала ауылында мұражай ғимаратының және Мерей ауылында мәдени-сауықтыру орталығының) құрылысы басталды. Осы мақсатта, Ұлттық қордан 2,2 млрд.теңге, жергілікті бюджеттен 71,5 млн. теңге қаражат қарастырылған. Ағымдағы жылы Ақжайық ауданы Бударино, Бөкей Ордасы ауданы Бисен ауылында мәдениет үйінің және Тасқала ауданының Тасқала ауылында мұражай ғимаратының және Мерей ауылында мәдени-сауықтыру орталығының құрылысы аяқталмақ. Қалған мәдениет нысандары келер жылы пайдалануға берілетін болады.  

Бұдан басқа, КПО б.в. қаражаты есебінен Хан Ордасы музей-қорығының визит-орталығы мен әкімшілік ғимаратының құрылысы пайдалануға берілді. 

«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында Батыс Қазақстан облысы бойынша 2025 жылға дейін ауылдық елді мекендерде 50 алғашқы медициналық-санитарлық көмек нысандарын  құрылысы жоспарлануда.

Биылғы жылдың жоспары - 24 медициналық нысан. Оның ішінде  12 мед.нысан бойынша құрылыс монтаждау жұмыстарын жүргізуге РБ есебінен 3,6 млрд.теңге қаражат бөлініп, оның ішінде қазіргі 01.10.2023 ж. жағдайға игеру – 2,4 млрд. теңге. Бүгінгі таңда 4 ФАП (Теректі ауданы Барбастау ауылында, Бәйтерек ауданы Новенькое ауылында ФАП, Асан ауылында дәрігерлік амбулатория, Сырым ауданы Өлеңті ауылында ФАП) пайдалануға берілді, қалған нысандар бойынша құрылыс монтаждау жұмыстары аяқталу сатысында.

Сондай-ақ, 5 мед.нысан бойынша жобалық-сметалық құжаттама  дайындалып, сараптаманың оң қорытындысы алынды, ағымдағы жылы 183,071 млн.теңге көлемінде үнемдеу сомасын қайта бөлуге бюджеттік өтінім жолданды ( 15.09.2023 жылғы №03-12/5887).

Қалған 7 мед.нысанға типтік жоба жасалып, «TurarHealthcare» коммерциалық емес акционерлік қоғамымен аталған жобалық-сметалық құжаттамаларға байлам жүргізілуде. 

2024 жылға жоспарланған 26 медициналық нысан бойынша жобалау жұмыстары жүргізілуде. (жобалау ұзақтығы – 4 ай).

Дата публикации
01 ноября 2023
Дата обновления
01 ноября 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Ақпарат
01 ноября 2023
ҚҰРЫЛЫС
Ақпарат
06 декабря 2019
"2020 жылға өңірлерді дамыту" бағдарламасы бойынша сумен жабдықтау нысандарының құрылысы.

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы