2022 жылға Батыс Қазақстан облысының құрылыс басқармасымен 11 бюджеттік бағдарлама жүзеге асырылды оның ішінде 8-даму, 3-ағымдағы сипатта болып табылады (2021 ж. – 13 бюджеттік бағдарлама, 2020 ж. – 17 бюджеттік бағдарлама).
001 «Жергілікті деңгейде құрылыс саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасымен 2022 жылға бекітілген жоспар бойынша 193 018 мың теңге бөлінді, есептік кезеңдегі жоспар 100 430 теңгені құрайды. 2021 жылмен салыстырғанда шығыстардың көбеюі еңбекақы қорының өзгеруімен байланысты. Бұл бюджеттік бағдарлама жергілікті деңгейде құрылыс саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі шығыстарды қамтиды: негізгі персоналдың еңбегіне ақы төлеу, әлеуметтік салық, әлеуметтік аударымдар, МӘМС міндетті аударымдарды аудару, техникалық персоналдың еңбегіне ақы төлеу, отын, жанар-жағар май материалдарын сатып алу, коммуналдық қызметтерге ақы төлеу, өзге де қызметтер мен жұмыстарға ақы төлеу, ел ішіндегі және елден тыс жерлерге іссапарлар мен қызметтік сапарлар, өзге де қорларды сатып алу, материалдық қорлар /кеңсе тауарлары/ мен кеңсе жабдықтарын сатып алу. Басқармаға жүктелген функцияларды орындауға қажетті кадр құрамы 35 бірлікті құрайды, соның ішінде 20 бірлік мемлекеттік қызметшілер және 15 бірлік техникалық персонал.
002 «Жұмылдыру дайындығы мен төтенше жағдайлардың объектілерін дамыту» бюджеттік бағдарламасымен 1 723 мың тенге бөлінді, бұл қаражат 2021 жылдан өтпелі "БҚО Бәйтерек ауданы Переметное ауылында тез салынатын конструкциядан тұратын 2 автомобильді модульдік өрт сөндіру депосы» (типтік жобаны байлау), "БҚО Теректі ауданы Подстепное ауылында тез салынатын конструкциядан тұратын 2 автомобильді модульдік өрт сөндіру депосы» (типтік жобаны байлау) нысандарына ЖЖ бойынша кешенді ведомстводан тыс сараптама жүргізуді аяқтауға жоспарланды.003 «Ішкі істер органдарының объектілерін дамыту» бюджеттік бағдарламасымен жоспар бойынша 50 559 мың тенге бөлініп, бұл қаражат 2021 жылдан өтпелі «БҚО Орал қаласы, Ж.Молдағалиев көшесі, 23- үй мекенжайында орналасқан әкімшілік ғимаратына қосымша құрылыс» нысаны бойынша ЖСҚ жасақтауға 47 486 мың теңге жоспарланып, бүгінгі күнге толық игерілді, қалған 3 073 мың теңге көлеміндегі қаражат аталған ғимараттың ЖЖ бойынша кешенді ведомстводан тыс сараптама өткізуге арналған.005 «Мемлекеттік органның күрделі шығыстары»: бюджеттік бағдарламасымен жоспар бойынша 44 мың теңге бөлінді, бұл қаражат ҚР Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын және олардың бейнесін, сондай-ақ Мемлекеттік Гиміннің мәтінін пайдалану қағидаларын бекітілуіне сәйкес, әр мемлекеттік мекемеде орнатылуы тиіс болғандықтан мемлекеттік туды сатып алуға жоспарланған.009 «Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне тұрғын үйді жобалауға, салуға және (немесе) сатып алуға кредит беру» бюджеттік бағдарламасымен жоспар бойынша 6 719 951мың теңге, оның ішінде ішікі қарыз есебінен 5 667 952 мың теңге, жергілікті бюджет есебінен 1 051 999 мың тенге бөлінді. Жоспарланған қаражатқа жергілікті атқарушы органдардың кезегінде тұрған азаматтарға арналған Теректі ауданында -7, Бөрлі ауданында - 3 және Орал қаласында 9- көппәтерлі үйлер салынады.030«Коммуналдық шаруашылықты дамыту» бюджеттік бағдарламасымен жоспар бойынша 107 298 мың тенге қаражат бөлініп, екі нысан бойынша ЖСҚ жасақтау жұмыстарына («БҚО Орал қаласы «Ақжайық» шағын ауданында қазандық салу»,БҚО Орал қаласы «А» ТЖЖ-дағы жылу желісінің құрылысы), 2021жылдан өтрпелі БҚО, Орал қаласы, Х.Чурин көшесі, 116 мекен-жайында орналасқан әкімшілік ғимаратты қайта құру» нысаны бойынша жұмыстарына, («БҚО Орал қаласы «Ақжайық» шағын ауданында қазандық салу» нысанына ЖЖ бойынша кешенді ведомстводан тыс сараптама жүргізуге жоспарланды.038 "Денсаулық сақтау объектілерін салу және реконструкциялау" бюджеттік бағдарламасымен жоспар бойынша 362 649 мың тенге қаражат бөлініп, оның ішінде «Медициналық технологиялық жабдықтар кешені бар инфекциялық аурухананы орналастыру үшін дайын модульдік құрылғыны сатып алу және бұдан әрі құрылыс-монтаждау жұмыстары» нысаны мен облыс көлемінде 14 ауылдық мекенде дәрігерлік амбулатория құрылысы бойынша ЖСҚ жасақтау жұмыстарын бастауға жоспарланды.039 «Әлеуметтік қамтамасыз ету объектілерін салу және реконструкциялау» бюджеттік бағдарламасымен жоспар бойынша 1 000 000 мың тенге қаражат бөлініп, БҚо Орал қаласында 150 орындық мүгедектерді оңалту орталығының құрылысы нысанын салу жоспарланып отыр.086 «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру объектілерін салу және реконструкциялау» бюджеттік бағдарламасымен жоспар бойынша 2 174 671 мың теңге қаражат бөлініп, 264 110мың теңге жергілікті бюджет есебінен, 1 910 561мың теңге республикалық бюджеттен білім беру субвенциялары есебінен алты мектептің (БҚО Орал қаласындағы 300 орынға арналған №18 мектептің құрылысы; БҚО, Бәйтерек ауданы, Жамбыл ауылында 308 орындық мектеп құрылысы; БҚО, Бәйтерек ауданы, Щапово ауылында 420 орындық мектеп құрылысы, БҚО, Казталов ауданы, Казталовка ауылында 600 орынға арналған жалпы білім беретін орта мектептің құрылысы, БҚО, Казталов ауданы, Қарасу ауылдық округі Жұлдыз ауылында 108 орындық мектеп , БҚО Казталов ауданы, Талдыапан ауылдық округінің Сарықұдық ауылында 60 орынға арналған (1-9 сыныптар) мектептің) құрылысына жоспарланып отыр.106 «Әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі жергілікті атқарушы органның төтенше жағдайлар резерві есебінен іс-шараларды жүргізу» бюджеттік бағдарламасымен жоспар бойынша 12 000 мың теңге қаражат бөлініп, табиғи сипаттағы төтенше жағдайдың салдарын жою мақсатында Қаратөбе ауданының Шалғын ауылында жаңадан салынатын мектептің жобалық-сметалық құжаттамасын жасақтау үшін жоспарланды.114 «Төменгі тұрған бюджеттерге берілетін нысаналы даму трансферттері» бюджеттік бағдарламасымен жоспар бойынша 13 766 999 мың теңге қаражат бөлініп, оның ішінде 224 545мың теңге Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен, 1 412 361 мың теңге жергілікті бюджет есебінен, 8 756 297мың теңге Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт есебінен, 3 361 264 мың теңге Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепілдендірілген трансферт арқылы облыс көлемінде коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін жобалау және (немесе) салу, реконструкциялауға, инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымды жобалау, дамыту және (немесе) жайластыруға, ауылдық елді мекендерде сумен жабдықтау және су бұру жүйесін дамытуға жоспарланды.
121 «Жергілікті атқарушы органның әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі төтенше резерві есебінен іс-шараларды жүзеге асыру үшін мемлекеттік басқарудың басқа деңгейлеріне аудару» бюджеттік бағдарламасымен жоспар бойынша 24 500 мың теңге қаражат Жәнібек және Қаратөбе аудандарының бюджеттеріне нысаналы даму трансферттері түрінде бөлу жолымен, табиғи сипаттағы төтенше жағдайдың салдарын жою мақсатында келесідей ауылдарда техникалық қорытынды нәтижесінде жарамсыз деп танылған және жаңадан салынатын тұрғын үйлердің жобалық-сметалық құжаттамасын жасақтау және ведомстводан тыс кешенді сараптамадан өткізу үшін бөлінді.