Сәулет, қала құрылысы және жобалау - сметалық құжаттамалары бөлімінің ЕРЕЖЕСІ

Батыс Қазақстан облысы құрылыс басқармасының

сәулет, қала құрылысы және

жобалау - сметалық құжаттамалары бөлімінің

ЕРЕЖЕСІ

 

  1. Жалпы ережелер

 

1.1. Сәулет, қала құрылысы және жобалау - сметалық құжаттамалары бөлімі «БҚО құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

1.2 Сәулет, қала құрылысы және жобалау - сметалық құжаттамалары бөлімі өз жұмысында Қазақстан Республикасы Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Нормативтік құқықтық актілер туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Ақпараттандыру туралы» заңдарын, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, «Қазақстан-2050»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын, басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, Басқарма туралы ережені және Құрылымдық бөлімше туралы осы ережені басшылыққа алады.

1.3. Сәулет, қала құрылысы және жобалау - сметалық құжаттамалары бөлімінің құрылымы, штаттық саны Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген тәртіпте Басқарма басшысымен бекітіледі.

1.4. Сәулет, қала құрылысы және жобалау - сметалық құжаттамалары бөлімі қызметшілерінің функционалдық міндеттері бөлім басшысымен дайындалады және Басқарма басшысының бұйрығымен бекітіледі.

1.5. Бөлім басшысы Басқарма басшысына, басқарма басшысының орынбасарына бағынады және олардан бұйрықтар мен жұмыс өкімдерін алады.

1.6. Сәулет, қала құрылысы және жобалау - сметалық құжаттамалары бөлімі

1) бөлім басшысы (1 бірлік);

2) бас маман (3 бірлік) тұрады.

 

  1. Батыс Қазақстан облысы құрылыс басқармасының

сәулет, қала құрылысы және жобалау - сметалық құжаттамалары бөлімінің

негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттемелері

 

2.1. Міндеті: облыс аумағын қала құрылыстық игеру барысында белгіленген тәртіппен бекітілген сәулет, қала құрылысы, құрылыс және өзге де жобалау құжаттамаларының, мемлекеттік нормативтердің, сәулет және қала құрылысы туралы заңнама нормаларының сақталуын қамтамасыз ету.

Функциялары:

  • аумақта сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында қоныстандыру жүйесін, өндірістік және әлеуметтік кешенді және тиімді құруға, дамытуға, жерлер мен табиғат пайдалануды ұтымды пайдалануға, тарихи және мәдени мұраларды, табиғат ландшафтарын сақтауға, сондай-ақ қалалар мен басқа да қоныстар құрылысының сәулет-көркемдік айшықталу деңгейін арттыруға, экологиялық тепе-теңдікті сақтауға.
  • әлеуметтік сала, сумен қамту және қоршаған ортаны қорғау нысандарын жобалауға қатысты мемлекеттік сатып алуларды жүргізу үшін техникалық ерекшеліктер мен тапсырмаларын дайындау;
  • жобалау-сметалық актісіне сәйкес жобалау ұйымдарымен ұсынылатын құжаттарын уақытылы қабылдау;
  • қаржыландырудың барлық көздері есебінен қаржыландыру жоспарларын құруға, нысандарды жобалау бойынша облыс бюджетін қалыптастыруға қатысу.

 

2.2. Міндеті: сәулет және қала құрылысы саласында мемлекеттік басқару функциясын жүзеге асыру, бас жоспарларын, қала құрылысы құжаттамаларын уақытылы түзету мен дайындалуын ұйымдастыру және жобалық сметалық құжататамаларды жобалауды ұйымдастыру және жүргізу.

Функциялары:

  • облыстың бас жоспарлары және жан-жақты жоспарлау жобаларын жасақтауға және жобалық сметалық құжаттамаларды жасақтауға қарастырылған бюджет қаражаттарының тиімді және мақсатты жұмсалуын жүзеге асыру;
  • аумақтарда қала құрылысын жобалаудың (облысты немесе оның бiр бөлігiн аудандық жоспарлау жобасының) кешендi схемасын, облыс аумағындағы елдi мекендердiң белгiленген тәртiппен бекiтiлген бас жоспарларын iске асыру жөніндегi қызметтi үйлестiру;
  • жергілікті атқарушы органдарға нысандар мен кешендерді орналастыру жөнінде ұсыныстар дайындау.
  • бөлім басшылық ететін нысандар бойынша жобалау-сметалық құжаттарын жасақтау үшін бастапқы мәліметтерді жинақтау.
  • бөлім бойынша шұғыл материалдар мен ақпараттарды уақытылы ұсыну.
  • құрылыс салу кешенділігін, облыс аумағын пайдалану режимін, функционалды аймақтандыруды жүзеге асыру;
  • құрылысы шешімдерінің әлеуметтік-экономикалық тиімді басымдылық бағыттарын анықтау;
  • сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінің жариялығын қамтамасыз ету қала құрылысы құжаттамаларының және қала құрылысы шешімдері жобаларын бекіткенге дейін жұртшылықтың қарауын ұйымдастыру. Аумақтық сәулет, қала құрылысы және құрылыс органдарының, сәулет, қала құрылысы облысындағы жобалау мекемелерінің қызметін үйлестіру, ғылыми - әдістемелік қамтамасыз ету бөлігінде олардың қызметіне басшылық жасау.

 

2.3. Міндеті: сәулет, қала құрылыс, құрылыс индустриясының өндірістік базасын дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру.

Функциялары:

  • әлеуметтік сала, сумен қамту және қоршаған ортаны қорғау нысандарын жобалауға қатысты мемлекеттік сатып алуларды жүргізу үшін техникалық ерекшеліктер мен тапсырмаларын дайындау;
  • жобалау-сметалық актісіне сәйкес жобалау ұйымдарымен ұсынылатын құжаттарын уақытылы қабылдау;
  • қаржыландырудың барлық көздері есебінен қаржыландыру жоспарларын құруға, нысандарды жобалау бойынша облыс бюджетін қалыптастыруға қатысу.

 

2.4. Міндеті: жобалау-сметалық құжаттамаларын жасақтау бойынша жұмыстарды жүргізу және ұйымдастыру.

Функциялары:

1) бөлім басшылық ететін нысандар бойынша жобалау-сметалық құжаттарын жасақтау үшін бастапқы мәліметтерді жинақтау.

2) жобалауға бағытталған бюджеттік қаражаттардың мақсатты пайдаланылуына бақылау жүргізу;

3) бөлім бойынша шұғыл материалдар мен ақпараттарды уақытылы ұсыну.

 

2.5. Құқықтар мен міндеттері:

Құқықтары:

1) Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша барлық меншік нысаны және ведомстволық бағынышты ұйымдардан ақпарат сұрату және алу;

2) Құрылысты жүзеге асыратын кез келген нысандарды, кәсіпорындар мен ұйымдарды, осы кәсіпорындар мен ұйымдардың ведомстволық бағыныштылығына қарамастан кедергісіз аралау;

3) Өз құзыреті шегінде бөлім қызметіне қатысты мәселелерді қарауда және оларға қатысты шешім қабылдауда қатысу, тиісті органдар мен лауазымдық тұлғалардың оларды орындауын талап ету;

4) Басқарманың құрылымдық бөлімшелерінің басшыларымен және мамандарымен өзара іс-әрекетті жүзеге асыру, өз лауазымдық мiндеттерін орындау үшiн қажеттi ақпарат пен құжаттарды сұрату және алу;

5) Жергілікті бюджет қаражаты есебiнен қайта даярлану және бiлiктiлiгiн арттыру;

6) Сауықтыру үшiн екi лауазымдық айлықақысы мөлшерiнде жәрдемақы төленіп, ұзақтығы отыз күнтiзбелiк күнге ақы төленетiн жыл сайынғы демалысқа;

7) Мемлекеттік орган басшысымен келісім бойынша еңбекақының сақталуынсыз демалысқа;

8) Лауазымдық мiндеттерiн үлгiлi орындағаны, мiнсiз мемлекеттiк қызметi, ерекше маңызды және күрделi тапсырмаларды орындағаны үшiн және жұмыстағы басқа да жетiстiктерi үшiн материалдық сыйақыға және басқа да көтермелеу түрлеріне;

Міндеттері:

9) Еңбек тәртібі мен ішкі тәртіпті сақтау;

10) Басқарма басшылығының тапсырмалары мен өкімдерін уақытылы және дәл орындау;

11) Мемлекеттік қызмет туралы қолданыстағы заңнама талаптарын сақтау;

12) Қызметтік этика және моральдық тұрғыдағы нормаларды сақтау;

13) Қазақстан Республикасының қолданыстағы мемлекеттік қызмет туралы заңдарымен қарастырылған басқа да құқықтар мен міндеттер.

 

  1. Батыс Қазақстан облысы құрылыс басқармасының

сәулет, қала құрылысы және жобалау - сметалық құжаттамалары бөлімінің қызметін ұйымдастыру

 

3.1. Сәулет, қала құрылысы және жобалау - сметалық құжаттамалары бөлімі заңды актілеріне, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес оның негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажет құзыреттерге ие.

3.2.  Сәулет, қала құрылысы және жобалау - сметалық құжаттамалары бөлімінің басшысы лауазымын Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес конкурстық комиссияның оң қорытындысын алғаннан кейін басқарма басшысының бұйрығымен тағайындалатын және атқарып жүрген лауазымынан босатылатын бөлім басшысы басқарады.  

3.3. Сәулет, қала құрылысы және жобалау - сметалық құжаттамалары бөлімінің басшысы бөлім жұмысына жалпы басшылық етуді жүзеге асырады, бөлімге жүктелген міндеттерді орындауға және оның өз функцияларын жүзеге асыруға жеке жауап береді.

3.4. Сәулет, қала құрылысы және жобалау - сметалық құжаттамалары бөлімінің басшысы Басқарма басшылығына бөлімнің құрылымы және штаттық кестесі бойынша ұсыныстар береді.

3.5. Сәулет, қала құрылысы және жобалау - сметалық құжаттамалары бөлімінің басшысы бөлім қызметкерлерінің міндеттерін және өкілеттігін анықтайды.

3.6. Бөлім басшысы басқарма басшылығына қолданып жүрген мемлекеттік қызмет туралы заңдарды, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексін бұзуға кінәлі тұлғаларды әкімшілік және тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстар енгізеді.

3.7. Бөлім басшысы болмаған кезде бөлім жұмысына жалпы басшылық етуге, бөлімге жүктелген міндеттерді орындауға және оның өз функцияларын жүзеге асыруға жеке жауапкершілігіне бөлімнің бас маманы (келісім бойынша) жауап береді.

3.8. Сәулет, қала құрылысы және жобалау - сметалық құжаттамалары бөлімінің атынан Басқарманың басқа құрылымдық бөлімшелеріне жіберілетін құжаттарға бөлім басшысы қол қояды, ол болмаған жағдай – оның орнын басатын тұлға.

 

 

Дата публикации
15 декабря 2021