Батыс Қазақстан облысы құрылыс басқармасының
әкімшілік бөлімінің ЕРЕЖЕСІ
1.1. Әкімшілік бөлімі «БҚО құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
1.2. Әкімшілік бөлімі өз жұмысында Қазақстан Республикасы Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Нормативтік құқықтық актілер туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Ақпараттандыру туралы» заңдарын, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, «Қазақстан-2050»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын, басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, Басқарма туралы ережені және Құрылымдық бөлімше туралы осы ережені басшылыққа алады.
1.3. Әкімшілік бөлімінің құрылымы, штаттық саны Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген тәртіпте Басқарма басшысымен бекітіледі.
1.4. Әкімшілік бөлімі қызметшілерінің функционалдық міндеттері бөлім басшысымен дайындалады және Басқарма басшысының бұйрығымен бекітіледі.
1.5. Бөлім басшысы Басқарма басшысына, басқарма басшысының орынбасарына бағынады және олардан бұйрықтар мен жұмыс өкімдерін алады.
1.6. Әкімшілік бөлімі
1) бөлім басшысы (1 бірлік);
2) бас маман (2 бірлік) тұрады.
әкімшілік бөлімінің негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттемелері
2.1. Міндеті: сәулет, қала құрылыс, құрылыс индустриясының өндірістік базасын дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру.
Функциялары:
8) Басқарманың стратегиялық мақсаттары мен міндеттерін іске асыруға бағытталған нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және қабылдауды қамтамасыз ету;
9) Басқарманың негізгі қызметі мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау.
2.2. Міндеті: шағым және талап-арыз бойынша жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу, Басқарма қызметінде туындайтын құқықтық мәселелер, сондай-ақ нормативтік актілердің жобалары бойынша қорытындылар дайындау.
Функциялары:
2.3. Міндеті: облыс аумағында құрылыс саласындағы мемлекеттік саясатты жүргізу.
Функциялары:
1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыс әкімдігінің заңнамалық актілері мен қаулыларының, мекеме басшысының бұйрықтары мен өкімдерінің, Басқарма бойынша құжаттардың және Басқарма қызметін реттейтін ҚР басқа да нормативтік құқықтық актілері мен заңдарының бөлімше басшыларымен уақытылы және сапалы орындалуын бақылау;
2) Басқарманың Стратегиялық және Оперативті жоспарларын дайындау үшін қажет ақпарат ұсыну;
3) Басқарманы кадрлармен жинақтау жөніндегі жұмысты жүзеге асыру, ҚР «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заңына, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, Басқарма туралы ережеге, Басқарма басшысының нұсқаулықтары мен бұйрықтарына сәйкес басшы кадрларды, мамандарды, қызмет көрсетуші қызметкерлер құрамын қабылдауды және жұмыстан шығаруды ресімдеу;
4) Басқарманың, құрылыс ұйымдары мен мекемелердің қызметкерлерін мемлекеттік, ведомстволық наградалармен және алғыс хаттармен марапаттауға ұсыну үшін материалдары дайындау;
5) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдары талаптарын, Басқарма қызметіндегі заңдылықты сақтау.
6) Басқарманың негізгі қызметі мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау.
7) Персоналды басқару стратегиясын іске асыру жөніндегі жұмысты орындау.
2.4. Міндеті: Басқарманың өзге де құрылымдық бөлімшелерімен біріге отырып, жоғары тұрған органдар мен басқарма басшылығының берген тапсырмалары мен қойған талаптарын орындауды қамтамасыз ету.
Функциялары:
1) Жоғары тұрған органдар мен басқарма басшылығының тапсармалыры мен хаттарын орындауды бақылауда ұстау;
2) Қажет болған жағдайда құжаттарды мемлекеттік және орыс тілдеріне аударуды қамтамсыз ет.
2.5. Құқықтар мен міндеттері:
Құқықтары:
1) Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша барлық меншік нысаны және ведомстволық бағынышты ұйымдардан ақпарат сұрату және алу;
2) Құрылысты жүзеге асыратын кез келген нысандарды, кәсіпорындар мен ұйымдарды, осы кәсіпорындар мен ұйымдардың ведомстволық бағыныштылығына қарамастан кедергісіз аралау;
3) Өз құзыреті шегінде бөлім қызметіне қатысты мәселелерді қарауда және оларға қатысты шешім қабылдауда қатысу, тиісті органдар мен лауазымдық тұлғалардың оларды орындауын талап ету;
4) Басқарманың құрылымдық бөлімшелерінің басшыларымен және мамандарымен өзара іс-әрекетті жүзеге асыру, өз лауазымдық мiндеттерін орындау үшiн қажеттi ақпарат пен құжаттарды сұрату және алу;
5) Жергілікті бюджет қаражаты есебiнен қайта даярлану және бiлiктiлiгiн арттыру;
6) Сауықтыру үшiн екi лауазымдық айлықақысы мөлшерiнде жәрдемақы төленіп, ұзақтығы отыз күнтiзбелiк күнге ақы төленетiн жыл сайынғы демалысқа;
7) Мемлекеттік орган басшысымен келісім бойынша еңбекақының сақталуынсыз демалысқа;
8) Лауазымдық мiндеттерiн үлгiлi орындағаны, мiнсiз мемлекеттiк қызметi, ерекше маңызды және күрделi тапсырмаларды орындағаны үшiн және жұмыстағы басқа да жетiстiктерi үшiн материалдық сыйақыға және басқа да көтермелеу түрлеріне;
Міндеттері:
9) Еңбек тәртібі мен ішкі тәртіпті сақтау;
10) Басқарма басшылығының тапсырмалары мен өкімдерін уақытылы және дәл орындау;
11) Мемлекеттік қызмет туралы қолданыстағы заңнама талаптарын сақтау;
12) Қызметтік этика және моральдық тұрғыдағы нормаларды сақтау;
13) Қазақстан Республикасының қолданыстағы мемлекеттік қызмет туралы заңдарымен қарастырылған басқа да құқықтар мен міндеттер.
құқықтық жұмыстар және келісімшарт құжаттамалары бөлімінің қызметін ұйымдастыру
3.1. Әкімшілік бөлімі заңды актілеріне, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес оның негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажет құзыреттерге ие.
3.2. Әкімшілік бөлімінің басшысылауазымын Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес конкурстық комиссияның оң қорытындысын алғаннан кейін басқарма басшысының бұйрығымен тағайындалатын және атқарып жүрген лауазымынан босатылатын бөлім басшысы басқарады.
3.3. Әкімшілік бөлімінің басшысы бөлім жұмысына жалпы басшылық етуді жүзеге асырады, бөлімге жүктелген міндеттерді орындауға және оның өз функцияларын жүзеге асыруға жеке жауап береді.
3.4. Әкімшілік бөлімінің басшысы Басқарма басшылығына бөлімнің құрылымы және штаттық кестесі бойынша ұсыныстар береді.
3.5. Әкімшілік бөлімінің басшысы бөлім қызметкерлерінің міндеттерін және өкілеттігін анықтайды.
3.6. Бөлім басшысы басқарма басшылығына қолданып жүрген мемлекеттік қызмет туралы заңдарды, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексін бұзуға кінәлі тұлғаларды әкімшілік және тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстар енгізеді.
3.7. Бөлім басшысы болмаған кезде бөлім жұмысына жалпы басшылық етуге, бөлімге жүктелген міндеттерді орындауға және оның өз функцияларын жүзеге асыруға жеке жауапкершілігіне бөлімнің бас маманы (келісім бойынша) жауап береді.
3.8. Әкімшілік бөлімінің атынан Басқарманың басқа құрылымдық бөлімшелеріне жіберілетін құжаттарға бөлім басшысы қол қояды, ол болмаған жағдай – оның орнын басатын тұлға.