Батыс Қазақстан облысы құрылыс басқармасының
құрылыс және инфрақұрылымдық даму бөлімінің
ЕРЕЖЕСІ
1.1. Құрылыс және инфрақұрылымдық даму «БҚО құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
1.2. Құрылыс және инфрақұрылымдық даму бөлімі өз жұмысында Қазақстан Республикасы Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Нормативтік құқықтық актілер туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Ақпараттандыру туралы» заңдарын, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, «Қазақстан-2050»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын, басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, Басқарма туралы ережені және Құрылымдық бөлімше туралы осы ережені басшылыққа алады.
1.3. Құрылыс және инфрақұрылымдық даму бөлімінің құрылымы, штаттық саны Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген тәртіпте Басқарма басшысымен бекітіледі.
1.4. Құрылыс және инфрақұрылымдық даму бөлімі қызметшілерінің функционалдық міндеттері әкімшілік жұмыстары және мемлекеттік сатып алу бөлімімен бірлесіп бөлім басшысымен дайындалады және Басқарма басшысының бұйрығымен бекітіледі.
1.5. Бөлім басшысы Басқарма басшысына, басқарма басшысының орынбасарларына бағынады және олардан бұйрықтар мен жұмыс өкімдерін алады.
1.6. Құрылыс және инфрақұрылымдық даму бөлімнің құрамы:
1) бөлім басшысы (1 бірлік);
2) бас маман (8 бірлік).
2.1. Міндеті: Облыс аумағында құрылыс саласындағы мемлекеттік саясатты жүргізу.
Функциялары:
1) Басқарманың Стратегиялық және Оперативті жоспарларын дайындау, түзету және іске асыру үшін әлеуметтік сала, сумен қамту, қоршаған ортаны қорғау, тұрғын үй құрылысы нысандары және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым объектілері бойынша қажетті ақпарат ұсыну;
2) Республикалық және облыстық бюджеттері қаражаты есебінен қаржыландыру жоспарын қалыптастыруға, әлеуметтік сала, сумен қамту, қоршаған ортаны қорғау, тұрғын үй құрылысы нысандары және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым объектілері нысандары бойынша облыс бюджетін қалыптастыруға қатысу.
2.2. Міндеті: Инвестициялық процестің басқа да қатысушыларымен бірлесіп мемлекет белгіленген мерзімде объектілерді қолданысқа енгізу бойынша тапсырмалардың орындалуын қамтамасыз ету.
Функциялары:
1) Жер туралы заңдарға сәйкес жергілікті атқарушы органдарда әлеуметтік сала нысандарының құрылысына жер учаскесін беру туралы шешімдерді алу;
2) Әлеуметтік сала, сумен қамту, қоршаған ортаны қорғау, тұрғын үй құрылысы нысандары және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерінің құрылыс-монтаждау жұмыстары өндірісіне уәкілетті мемлекеттік органнан рұқсат алу;
3) Жобалау-сметалық құжаттама актісі бойынша жобалау-сметалық құжаттарды уақытылы алу;
4) Орындалған жұмыстарды сметалық құжаттама мен жинақтау ведомостімен салыстыру арқылы бекітілген жұмыс кестесі мен сметалық құжаттамаға сәйкес, аралық және соңғы орындалған жұмыс көлемдерін қабылдау;
5) Ә әлеуметтік сала, сумен қамту, қоршаған ортаны қорғау, тұрғын үй құрылысы нысандары және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым нысандарының құрылысы мен құрылыс-монтаж жұмыстарының сапасына тұрақты түрде мониторинг жүргізу;
6) Әлеуметтік сала, сумен қамту, қоршаған ортаны қорғау, тұрғын үй құрылысы нысандары және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым нысандары бойынша мердігерлермен ұсынылған, жоба авторымен келісілген, техникалық қадағалаушымен бекітілген құрылыс-монтаж жұмыстарының көлемі бойынша актілерге бұрыштама қою (№2 нысан).
7) әлеуметтік сала, сумен қамту, қоршаған ортаны қорғау, тұрғын үй құрылысы нысандары және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым нысандары бойынша мердігер ұйымдармен бірлесе отырып, қабылдау комиссиясына құжаттар комплектін ұсыну;
8) Қолданысқа тапсырылған объектілерді коммуналдық меншікке тапсыру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
9) Құрылысы аяқталған нысандарын пайдаланушы мекемелерге беру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
10) әлеуметтік сала, сумен қамту, қоршаған ортаны қорғау, тұрғын үй құрылысы нысандары және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым нысандарында мемлекеттік қадағалау органдарымен бірлесе отырып, бақылау өлшемдеріне қатысу.
11) Инвестициялық процестің басқа да қатысушыларымен бірлесіп мемлекет белгіленген мерзімде объектілерді қолданысқа енгізу бойынша тапсырмалардың орындалуын қамтамасыз ету.
12) Объектілер мен құрылыстарды жобалауға, салуға қарастырылған бюджеттік қаражаттардың мақсатты пайдаланылуын бақылау жүзеге асыру.
13) Тұрғын үй және ИКИ құрылысының бағдарламасын іске асыру шеңберінде мониторингті уақытылы және дәл жүргізу.
2.3. Міндеті: объектілердің құрылысы мен қайта құрылуына арналған бюджеттік қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыру.
Функциялары:
2.4. Құқықтар мен міндеттері:
Құқықтары:
1) Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша барлық меншік нысаны және ведомстволық бағынышты ұйымдардан ақпарат сұрату және алу;
2) Құрылысты жүзеге асыратын кез келген нысандарды, кәсіпорындар мен ұйымдарды, осы кәсіпорындар мен ұйымдардың ведомстволық бағыныштылығына қарамастан кедергісіз аралау;
3) Өз құзыреті шегінде бөлім қызметіне қатысты мәселелерді қарауда және оларға қатысты шешім қабылдауда қатысу, тиісті органдар мен лауазымдық тұлғалардың оларды орындауын талап ету;
4) Басқарманың құрылымдық бөлімшелерінің басшыларымен және мамандарымен өзара іс-әрекетті жүзеге асыру, өз лауазымдық мiндеттерін орындау үшiн қажеттi ақпарат пен құжаттарды сұрату және алу;
5) Жергілікті бюджет қаражаты есебiнен қайта даярлану және бiлiктiлiгiн арттыру;
6) Сауықтыру үшiн екi лауазымдық айлықақысы мөлшерiнде жәрдемақы төленіп, ұзақтығы отыз күнтiзбелiк күнге ақы төленетiн жыл сайынғы демалысқа;
7) Мемлекеттік орган басшысымен келісім бойынша еңбекақының сақталуынсыз демалысқа;
8) Лауазымдық мiндеттерiн үлгiлi орындағаны, мiнсiз мемлекеттiк қызметi, ерекше маңызды және күрделi тапсырмаларды орындағаны үшiн және жұмыстағы басқа да жетiстiктерi үшiн материалдық сыйақыға және басқа да көтермелеу түрлеріне;
Міндеттері:
9) Еңбек тәртібі мен ішкі тәртіпті сақтау;
10) Басқарма басшылығының тапсырмалары мен өкімдерін уақытылы және дәл орындау;
11) Мемлекеттік қызмет туралы қолданыстағы заңнама талаптарын сақтау;
12) Қызметтік этика және моральдық тұрғыдағы нормаларды сақтау;
13) Қазақстан Республикасының қолданыстағы мемлекеттік қызмет туралы заңдарымен қарастырылған басқа да құқықтар мен міндеттер.
бөлімінің қызметін ұйымдастыру
3.1. Құрылыс және инфрақұрылымдық даму бөлімі заңды актілеріне, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес оның негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажет құзыреттерге ие.
3.2. Бөлімінің басшысы лауазымына конкурстық комиссияның оң қорытындысын алған тұлға тағайындалады және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес басқарма басшысының бұйрығымен атқарып жүрген лауазымынан босатылады.
3.3. Бөлімінің басшысы бөлім жұмысына жалпы басшылық етуді жүзеге асырады, бөлімге жүктелген міндеттерді орындауға және оның өз функцияларын жүзеге асыруға жеке жауап береді.
3.4. Бөлімінің басшысы Басқарма басшылығына бөлімнің құрылымы және штаттық кестесі бойынша ұсыныстар береді.
3.5. Бөлімінің басшысы бөлім қызметкерлерінің міндеттерін және өкілеттігін анықтайды.
3.6. Бөлім басшысы басқарма басшылығына қолданып жүрген мемлекеттік қызмет туралы заңдарды, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексін бұзуға кінәлі тұлғаларды әкімшілік және тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстар енгізеді.
3.7. Бөлім басшысы болмаған кезде бөлім жұмысына жалпы басшылық етуге, бөлімге жүктелген міндеттерді орындауға және оның өз функцияларын жүзеге асыруға жеке жауапкершілігіне бөлімнің бас маманы (келісім бойынша) жауап береді.
3.8. Бөлімінің атынан Басқарманың басқа құрылымдық бөлімшелеріне жіберілетін құжаттарға бөлім басшысы қол қояды, ол болмаған жағдайда – оның орнын алмастыратын тұлға.