Тұрғын үй құрылысының мониторингі бөлімінің Ережесі

Батыс Қазақстан облысы құрылыс басқармасының

тұрғын үй құрылысының мониторингі бөлімінің

ЕРЕЖЕСІ

 

  1. Жалпы ережелер

1.1. Тұрғын үй құрылысының мониторингі бөлімі «БҚО құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

1.2. Тұрғын үй құрылысының мониторингі бөлімі өз жұмысында Қазақстан Республикасы Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Нормативтік құқықтық актілер туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Ақпараттандыру туралы» заңдарын, «Қазақстан-2050»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексін, басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, Басқарма туралы ережені және Құрылымдық бөлімше туралы осы ережені басшылыққа алады.

1.3. Тұрғын үй құрылысының мониторингі бөлімінің құрылымы, штаттық саны Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген тәртіпте Басқарма басшысымен бекітіледі.

1.4. Тұрғын үй құрылысының мониторингі бөлімі қызметшілерінің функционалдық міндеттері ұйымдастыру-бақылау жұмыстары және іс жүргізу бөлімімен бірлесіп бөлім басшысымен дайындалады және Басқарма басшысының бұйрығымен бекітіледі.

1.5. Бөлім басшсы Басқарма басшысына, бөлімді қадағалайтын басқарма басшысының орынбасарына бағынады және олардан бұйрықтар мен жұмыс өкімдерін алады.

1.6. Тұрғын үй құрылысының мониторингі бөлімі:

1) бөлім басшысы (1 бірлік);

2) бас маман (2 бірлік) тұрады.

 

 

  1. Батыс Қазақстан облысы құрылыс басқармасы

тұрғын үй құрылысының мониторингі бөлімінің

негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттемелері

2.1. Міндеті: Облыс аумағында құрылыс саласындағы мемлекеттік саясатты жүргізу.

Функциялары:

 

1) Басқарманың Стратегиялық және Оперативті жоспарлары бойынша есепті және ақпараттар жинағын жасау, бекіту, түзету, ұсыну;

2) Республикалық бюджет қаражаты есебінен қаржыландыру жоспарын қалыптастыруға, тұрғын үй құрылысы нысандары, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым бойынша облыс бюджетін қалыптастыруға қатысу.

2.2. Міндеті: Инвестициялық процестің басқа да қатысушыларымен бірлесіп мемлекет белгіленген мерзімде объектілерді қолданысқа енгізу бойынша тапсырмалардың орындалуын қамтамасыз ету.

Функциялары:

1) Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы шеңберінде мониторингті уақытылы және дәл жүргізу;

2) Құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органга, облыс әкімдігіне тұрғын үй құрылысы, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым бойынша оперативті материалдарды уақытылы ұсыну.

2.3. Міндеті: Объектілер мен құрылыстарды жобалауға, салуға қарастырылған бюджеттік қаражаттардың мақсатты пайдаланылуын бақылау жүзеге асыру.

Функциялары:

1) Тұрғын үй құрылысының бағдарламасын іске асыру шеңберінде мониторингті уақытылы және дәл жүргізу;

2) Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы шеңберінде мониторингті уақытылы және дәл жүргізу;

3) Бөлімнің мемлекеттік қызметшілердің қызмет тиімділігін бағалау жөніндегі мәліметтерді уақытылы ұсыну.

2.4. Құқықтар мен міндеттері:

Құқықтары:

1) Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша барлық меншік нысаны және ведомстволық бағынышты ұйымдардан ақпарат сұрату және алу;

2) Құрылысты жүзеге асыратын кез келген нысандарды, кәсіпорындар мен ұйымдарды, осы кәсіпорындар мен ұйымдардың ведомстволық бағыныштылығына қарамастан кедергісіз аралау;

3) Өз құзыреті шегінде бөлім қызметіне қатысты мәселелерді қарауда және оларға қатысты шешім қабылдауда қатысу, тиісті органдар мен лауазымдық тұлғалардың оларды орындауын талап ету;

4) Басқарманың құрылымдық бөлімшелерінің басшыларымен және мамандарымен өзара іс-әрекетті жүзеге асыру, өз лауазымдық мiндеттерін орындау үшiн қажеттi ақпарат пен құжаттарды сұрату және алу;

5) Жергілікті бюджет қаражаты есебiнен қайта даярлану және бiлiктiлiгiн арттыру;

6) Сауықтыру үшiн екi лауазымдық айлықақысы мөлшерiнде жәрдемақы төленіп, ұзақтығы отыз күнтiзбелiк күнге ақы төленетiн жыл сайынғы демалысқа;

7) Мемлекеттік орган басшысымен келісім бойынша еңбекақының сақталуынсыз демалысқа;

8) Лауазымдық мiндеттерiн үлгiлi орындағаны, мiнсiз мемлекеттiк қызметi, ерекше маңызды және күрделi тапсырмаларды орындағаны үшiн және жұмыстағы басқа да жетiстiктерi үшiн материалдық сыйақыға және басқа да көтермелеу түрлеріне;

Міндеттері:

9) Еңбек тәртібі мен ішкі тәртіпті сақтау;

10) Басқарма басшылығының тапсырмалары мен өкімдерін уақытылы және дәл орындау;

11) Мемлекеттік қызмет туралы қолданыстағы заңнама талаптарын сақтау;

12) Қызметтік этика және моральдық тұрғыдағы нормаларды сақтау;

13) Қазақстан Республикасының қолданыстағы мемлекеттік қызмет туралы заңдарымен қарастырылған басқа да құқықтар мен міндеттер.

 

  1. Батыс Қазақстан облысы құрылыс басқармасы

тұрғын үй құрылысының мониторингі

бөлімінің қызметін ұйымдастыру

3.1. Тұрғын үй құрылысының мониторингі бөлімі заңды актілеріне, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес оның негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажет құзыреттерге ие.

3.2.  Тұрғын үй құрылысының мониторингі бөлімі басшысының лауазымын Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес конкурстық комиссияның оң қорытындысын алғаннан кейін басқарма басшысының бұйрығымен тағайындалатын және атқарып жүрген лауазымынан босатылатын бөлім басшысы басқарады.  

3.3. Тұрғын үй құрылысының мониторингі бөлімінің басшысы бөлім жұмысына жалпы басшылық етуді жүзеге асырады, бөлімге жүктелген міндеттерді орындауға және оның өз функцияларын жүзеге асыруға жеке жауап береді.

3.4. Тұрғын үй құрылысының мониторингі бөлімінің басшысы Басқарма басшылығына бөлімнің құрылымы және штаттық кестесі бойынша ұсыныстар береді.

3.5. Тұрғын үй құрылысының мониторингі бөлімінің басшысы бөлім қызметкерлерінің міндеттерін және өкілеттігін анықтайды.

3.6. Бөлім басшысы басқарма басшылығына қолданып жүрген мемлекеттік қызмет туралы заңдарды, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексін бұзуға кінәлі тұлғаларды әкімшілік және тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстар енгізеді.

3.7. Бөлім басшысы болмаған кезде бөлім жұмысына жалпы басшылық етуге, бөлімге жүктелген міндеттерді орындауға және оның өз функцияларын жүзеге асыруға жеке жауапкершілігіне бөлімнің бас маманы (келісім бойынша) жауап береді.

3.8. Тұрғын үй құрылысының мониторингі бөлімінің атынан Басқарманың басқа құрылымдық бөлімшелеріне жіберілетін құжаттарға бөлім басшысы қол қояды, ол болмаған жағдай – оның орнын басатын тұлға.

 

 

Дата публикации
13 февраля 2020