Батыс Қазақстан облысы құрылыс басқармасының
бухгалтерлік есеп және қаржы бөлімінің
ЕРЕЖЕСІ
1.1. Бухгалтерлік есеп және қаржы бөлімі «БҚО құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
1.2. Бухгалтерлік есеп және қаржы бөлімі өз жұмысында Қазақстан Республикасы Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Нормативтік құқықтық актілер туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» заңдарын, «Қазақстан-2050»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасы Бюджет кодексін, Мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидаларын, басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, Басқарма туралы ережені және Құрылымдық бөлімше туралы осы ережені басшылыққа алады.
1.3. Бухгалтерлік есеп және қаржы бөлімінің құрылымы, штаттық саны Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген тәртіпте Басқарма басшысымен бекітіледі.
1.4. Бухгалтерлік есеп және қаржы бөлімі қызметшілерінің функционалдық міндеттері ұйымдастыру-бақылау жұмыстары және іс жүргізу бөлімімен бірлесіп бөлім басшысымен дайындалады және Басқарма басшысының бұйрығымен бекітіледі.
1.5. Бөлім басшысы Басқарма басшысына, бөлімді қадағалайтын басқарма басшысының орынбасарына бағынады және олардан бұйрықтар мен жұмыс өкімдерін алады.
1.6. Бухгалтерлік есеп және қаржы бөлімі:
1) бөлім басшысы (1 бірлік);
2) бас маман (2 бірлік) тұрады.
бухгалтерлік есеп және қаржы бөлімінің негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттемелері
2.1. Міндеті: Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу, есеп саясатына байланысты қаржылық есептілікті жасақтау.
Функциялары:
1) Қаржылық ереже, оған енгізілген өзгерістер мен қызметтің нәтижесі бойынша толық әрі расталған ақпарат ұсыну;
2)Басқарманың Стратегиялық және Оперативті жоспарларын дайындау, түзету және іске асыру үшін қажетті ақпарат ұсыну;
2) Қаржыландыру жоспарларын орындау бойынша барлық операцияларды есепке алу және баланс жасау.
2.2. Міндеті: Инвестициялық процестің басқа да қатысушыларымен бірлесіп мемлекет белгіленген мерзімде объектілерді қолданысқа енгізу бойынша тапсырмалардың орындалуын қамтамасыз ету.
Функциялары:
1) Басқарма бойынша бухгалтерлік есеп жүргізудің тиімді жүйесін қамтамасыз ету;
2) Қаржыландыру жоспарларын жасау және түзету;
3) Қаржылық және бюджеттік бухгалтерлік есептерді уақытылы және дұрыс ұсыну;
4) Дебиторлық және кредиторлық бережақ бойынша есеп жасау;
5) Қазынашылық департаменті үшін қаржылық құжаттарды ресімдеу;
6) Қазынашылық департаментінде шарттарды тіркеу;
7) Барлық қолданып жүрген бағдарламалар мен ерекшеліктер боынша нақты шығындардың есебін
жүргізу.
2.3. Міндеті: Объектілер мен құрылыстарды жобалауға, салуға қарастырылған бюджеттік қаражаттардың мақсатты пайдаланылуын бақылау жүзеге асыру.
Функциялары:
1) Мемлекеттің қаржылық-экономикалық саясаты саласында қолданып жүрген заң талаптарын сақтау;
2) Әлеуметтік сақтандыру, табыс салығы бойынша төлемдердің, зейнетақы қорына төленетін төлемдердің дұрыс есептелуін және уақытылы аударылуын қамтамасыз ету;
3) Барлық түсетін ақшалай қаражаттарды, тауарлық-материалдық құндылықтарды және негізгі құралдарды дәл есептеуді қамтамасыз ету;
4) Тауарлық-материалдық құндылықтарға және негізгі құралдарға түгендеу жүргізу;
5) Басқарманың бухгалтерлік балансын жасау;
6) Басқарма бойынша бас кітап жасау;
7) Бөлімнің мемлекеттік қызметшілердің қызмет тиімділігін бағалау жөніндегі мәліметтерді уақытылы ұсыну.
2.4. Құқықтар мен міндеттері:
Құқықтары:
1) Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша барлық меншік нысаны және ведомстволық бағынышты ұйымдардан ақпарат сұрату және алу;
2) Өз құзыреті шегінде бөлім қызметіне қатысты мәселелерді қарауда және оларға қатысты шешім қабылдауда қатысу, тиісті органдар мен лауазымдық тұлғалардың оларды орындауын талап ету;
3) Басқарманың құрылымдық бөлімшелерінің басшыларымен және мамандарымен өзара іс-әрекетті жүзеге асыру, өз лауазымдық мiндеттерін орындау үшiн қажеттi ақпарат пен құжаттарды сұрату және алу;
4) Жергілікті бюджет қаражаты есебiнен қайта даярлану және бiлiктiлiгiн арттыру;
5) Сауықтыру үшiн екi лауазымдық айлықақысы мөлшерiнде жәрдемақы төленіп, ұзақтығы отыз күнтiзбелiк күнге ақы төленетiн жыл сайынғы демалысқа;
6) Мемлекеттік орган басшысымен келісім бойынша еңбекақының сақталуынсыз демалысқа;
7) Лауазымдық мiндеттерiн үлгiлi орындағаны, мiнсiз мемлекеттiк қызметi, ерекше маңызды және күрделi тапсырмаларды орындағаны үшiн және жұмыстағы басқа да жетiстiктерi үшiн материалдық сыйақыға және басқа да көтермелеу түрлеріне.
Міндеттері:
8) Еңбек тәртібі мен ішкі тәртіпті сақтау;
9) Басқарма басшылығының тапсырмалары мен өкімдерін уақытылы және дәл орындау;
10) Мемлекеттік қызмет туралы қолданыстағы заңнама талаптарын сақтау;
11) Қызметтік этика және моральдық тұрғыдағы нормаларды сақтауға;
12) Қазақстан Республикасының қолданыстағы мемлекеттік қызмет туралы заңдарымен қарастырылған басқа да құқықтар мен міндеттер.
бухгалтерлік есеп және қаржы бөлімінің
қызметін ұйымдастыру
3.1. Бухгалтерлік есеп және қаржы бөлімі Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес оның негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажет құзыреттерге ие.
3.2. Бухгалтерлік есеп және қаржы бөлімінің басшысы лауазымын Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес конкурстық комиссияның оң қорытындысын алғаннан кейін басқарма басшысының бұйрығымен тағайындалатын және атқарып жүрген лауазымынан босатылатын бөлім басшысы басқарады.
3.3. Бухгалтерлік есеп және қаржы бөлімінің басшысы бөлім жұмысына жалпы басшылық етуді жүзеге асырады, бөлімге жүктелген міндеттерді орындауға және оның өз функцияларын жүзеге асыруға жеке жауап береді.
3.4. Бухгалтерлік есеп және қаржы бөлімінің басшысы Басқарма басшылығына бөлімнің құрылымы және штаттық кестесі бойынша ұсыныстар береді.
3.5. Бухгалтерлік есеп және қаржы бөлімінің басшысы бөлім қызметкерлерінің міндеттерін және өкілеттігін анықтайды.
3.6. Бөлім басшысы басқарма басшылығына қолданып жүрген мемлекеттік қызмет туралы заңдарды, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексін бұзуға кінәлі тұлғаларды әкімшілік және тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстар енгізеді.
3.7. Бөлім басшысы болмаған кезде бөлім жұмысына жалпы басшылық етуге, бөлімге жүктелген міндеттерді орындауға және оның өз функцияларын жүзеге асыруға жеке жауапкершілігіне бөлімнің бас маманы (келісім бойынша) жауап береді.
3.8. Бухгалтерлік есеп және қаржы бөлімінің атынан Басқарманың басқа құрылымдық бөлімшелеріне жіберілетін құжаттарға бөлім басшысы қол қояды, ол болмаған жағдай – оның орнын басатын тұлға.