БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫС БАСҚАРМАСЫ БОЙЫНША 2021– 2023 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН БЮДЖЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

ЖОСПАРЛАУ САТЫСЫНДА (ҚАЛЫПТАСТЫРУ) ЖӘНЕ БЕКІТУ (НАҚТЫЛАУ)

 БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫС БАСҚАРМАСЫ БОЙЫНША 2021– 2023 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН БЮДЖЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР ТУРАЛЫ АҚПАРАТ.

Батыс Қазақстан облысының құрылыс басқармасымен 2021-2023 жылдарға 9 бюджеттік бағдарламаны іске асыру жоспарланған

 

001"Жергілікті деңгейде құрылыс саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер"бюджеттік бағдарламасы бойынша -120 249,0 мың теңгесомасында шығындар жоспарланған.

Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: жүктелген функцияларды тиімді орындау үшін мемлекеттік органның қызметін қамтамасыз ету болып табылады.

Тікелей нәтиже көрсеткіштері: 47 бірлік (24 бірлік мемлекеттік қызметші және 23 бірлік техникалық персонал) жүктелген функцияларды орындау үшін кадрлық құрам.

Бюджеттік бағдарламаның түпкілікті нәтижелері: басқарма аппаратын ұстау, басқарма қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдастыру-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету деңгейін арттыру, мемлекеттік мекемеге жүктелген функцияларды тиімді жүзеге асыру.

 

009 «"Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне тұрғын үй жобалауға және салуға кредит беру» бюджеттік бағдарламасы бойынша  1 652 585,0 мың теңге сомасында шығындар жоспарланған.

Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты: Тұрғындардың тұрғын үйге қолжетімділігін қамтамасыз ету.

Тікелей нәтиже көрсеткіштері: Тұрғын үй объектілерін пайдалануға беру.

Бюджеттiк бағдарламаның  түпкілікті нәтижелері: кредиттік үйлерді салу және пайдалануға беру.                                              

 

030«Коммуналдық шаруашылығын дамыту» бюджеттік бағдарламасыбойынша  49 798,0 мың теңге сомасында шығындар жоспарланған.

Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты: ғимараттарға және оған жататын аймақтарға қызмет көрсету.

Тікелей нәтиже көрсеткіштері: нысаны бойынша жобалау-сметалық құжаттамасын  жасақтау. жұмыс жобасы бойынша кешенді ведомстводан тыс сараптамадан өткізу.

Бюджеттiк бағдарламаның  түпкілікті нәтижелері: ғимараттар ішінде және сыртында экологиялық, санитарлық таза ортаны қалыптастыру. Тұрғын үй массивінің жобасын әзірлеу.   

 

 

038 «Деңсаулық сақтау объектілерін салу және реконструкциялау» бюджеттік бағдарламасы бойынша  361 250,0 мың теңге сомасында шығындар жоспарланған, оның ішінде кіші бағдарламалар бойынша:

Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты: сапалы медициналық қызмет көрсету, медициналық көмектің тиімділігін арттыру       

Тікелей нәтиже көрсеткіштері: качественное медицинское обслуживание.

Бюджеттiк бағдарламаның  түпкілікті нәтижелері: Медициналық технологиялық жабдықтар кешені бар инфекциялық аурухананы орналастыру үшін  дайын модульдік құрылғыны сатып алу және бұдан әрі құрылыс-монтаждау жұмыстары.

 

 

039 «Әлеуметтік қамтамасыз ету объектілерін салу және реконструкциялау»  бюджеттік бағдарламасы бойынша  1 991,0 мың теңге сомасында шығындар жоспарланған, оның ішінде кіші бағдарламалар бойынша:

Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты: барша мүгедектердің барлық адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын толық және тең дәрежеде іске асыруын көтермелеуде, қорғауда және қамтамасыз етуде, сондай-ақ оларға тән қадір-қасиетті құрметтеуді көтермелеу.

Тікелей нәтиже көрсеткіштері: жобалау-сметалық құжаттамасын және кешенді ведомстводан тыс сараптама жүргізу.

Бюджеттiк бағдарламаның  түпкілікті нәтижелері: «Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының Круглоозерное арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ-сі бойынша қамқорлықтағыларды ерекше жағдаймен қамтамасыз ету.                                 

 

065 «Заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыру немесе ұлғайту»

065 «Заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыру немесе ұлғайту»  бюджеттік бағдарламасы бойынша  802 396,0 мың теңге сомасында шығындар жоспарланған.

Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты: Көп пәтерлі тұрғын үйдің құрылысына бағытталатын инвестициялар арқылы  «Aqjaiyq» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ жарғылық капиталының өсуі (пайда мен активтер құнының өсуі).

Тікелей нәтиже көрсеткіштері: «БҚО Орал қаласының Орал-Атырау, Орал-Саратов тас жолдары аралығындағы шағынаудандағы 9 қабатты 180 пәтерлі №27 орналасқан тұрғын үйдің құрылысы» жобасын іске асыруға «Aqjaiyq» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ жарғылық капиталын ұлғайту

Бюджеттiк бағдарламаның  түпкілікті нәтижелері: «Aqjaiyq» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ активтерінің 6 329,2 млн. теңгеден 7 660,6  млн. теңгеге дейін өсуі;                         «Aqjaiyq» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ меншікті капиталының 4 344,0 млн. теңгеден 5 675,4 млн. теңгеге дейін өсуі; Пәтерлерді іске асырудан табыс алуы - 1 831,4 млн. теңге; «Aqjaiyq» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ жалпы пайда алуы - 13,0 млн. теңге; «Aqjaiyq» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ инвестицияларының 0,7 %тиімділігінқамтамасызету;Үйлерді қол жетімді бағамен алған отбасылар саны - 180 отбасы.

 

086 «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру объектілерін салу және реконструкциялау» бюджеттік бағдарламасы бойынша  1 795 513,0 мың теңге сомасында шығындар жоспарланған.

Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты: оқушы орнының тапшылығын қысқарту және үш ауысымда оқыту мәселесін шешу үшін мектептердің құрылысы; білім беру объектілерінің апатты жағдайын жою.

Тікелей нәтиже көрсеткіштері: Білім беру объектілерін пайдалануға беру, ЖСҚ жасақтау және кешенді мемлекеттік сараптамадан өткізу.

Бюджеттiк бағдарламаның  түпкілікті нәтижелері: балалар мен жасөспірімдердің  тұрғылықты мекендері бойынша сапалы білім алу мақсатында оқушы орындармен қамтамасыз ету.

 

114 "Төменгі тұрған бюджеттерге берілетін нысаналы даму трансферттері"бюджеттік бағдарламасы бойынша  12 843 009,0 мың теңге сомасында шығындар жоспарланған.

Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты: Тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыру; тұрғын үй құрылысы аумақтарын инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету; халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету; Тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыру; тұрғын үй құрылысы аумақтарын инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету; халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету.

Тікелей нәтиже көрсеткіштері: Коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үй объектілерін пайдалануға беру; инфрақұрылым объектілерін пайдалануға беру; сумен жабдықтау объектілерін пайдалануға беру; ЖСҚ әзірлеу және ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу.     

Бюджеттiк бағдарламаның  түпкілікті нәтижелері: 21,317 мың шаршы метр 463 пәтерлердін жалпы ауданымен 7 үй  жалға берілетін (коммуналдық) тұрғын үйді пайдалануға беру; 299,840  шақырым  инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды іске қосу; жалпы ұзындығы 273,816 шақырым 12 ауылдық елді мекендерді орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз ету.

 

 

 

 

Бюджетік бағдарлама басшысысы____________   К.С.Досанов

     

 

 

 

ақпарат
Дата публикации
09 февраля 2021