Басқармада жолаушылар көлігі саласындағы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер.
«Батыс Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің миссиясы Батыс Қазақстан облысының көлік жүйесінің жағдайын жақсарту және жолаушылар тасымалының сапасын арттыру болып табылады.
Көлік саласындағы негізгі функциялары:
1) жолаушылар мен багажды тұрақты облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысiшiлiк қалааралық) тасымалдауды ұйымдастыру, оларға қызмет көрсету құқығына конкурстар өткiзу;
2) жолаушылар мен багажды тұрақты ауданаралық (облысiшiлiк қалааралық) тасымалдау маршруттарын және қозғалыс кестелерiн әзірлеу;
3) жолаушылар мен багажды тұрақты облысаралық қалааралық автомобильмен тасымалдау маршруттарын және қозғалыс кестелерiн келісу;
4) автовокзалдар, автостанциялар және жолаушыларға қызмет көрсету пункттері қызметінің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыру;
5) жолаушылар мен багажды тұрақты ауданаралық (облысiшiлiк қалааралық) автомобильмен тасымалдау маршруттарының тiзiлiмiн жүргiзу;
6) жолаушылар көлiгiн дамытудың кешендi схемасын және жол қозғалысын ұйымдастыру жобаларын әзiрлеу.
Сонымен қатар Басқарма жолаушылар көлігі саласы бойынша 3 мемлекеттік қызмет көрсетеді. Олар:
1-қызмет. Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішілік, қалааралық) және халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау қызметімен айналысу үшін лицензия беру.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес құжаттар тотамасын тапсырған жеке және заңды тұлғаларға көрсетіледі. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Салық кодексінде белгіленген алымдар мөлшерлемесі бойынша жергілікті бюджетке лицензиялық алым төленеді және төмендегі мөлшерді құрайды: 1) лицензияны беруге - алымды төлеу күні қолданылатын үш еселенген айлық есептік көрсеткіш;2) лицензияны қайта ресімдеуге - лицензияны беру кезіндегі мөлшерлемеден 10%;
3) лицензияның телнұсқасын беруге - лицензияны беру кезіндегі мөлшерлемеден 100%.Лицензиялық алымды төлеу екінші деңгейдегі банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол және қолма-қол ақшасыз нысанда немесе ЭҮТШ арқылы жүзеге асырылады.
Лицензия беру бойынша басқарма жеке және заңды тұлғаларға 2016 жылдан бері қызмет көрсетіп келеді, осы уақыт аралығында 25 лицензия берілді.
Жазғы маусымның басталуына байланысты автобустармен, шағын автобустармен шығатын бір реттік топтық сапарлар көбейеді. Мысалы: автобустарды жалдау арқылы туристік орындарға саяхат, топпен санаторийлерге бару немесе балаларды лагерьлерге, тарихи орындарға қыдырту т.б. Осындай кезде адамдардың өмірі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында рұқсат құжаттары дұрыс, жолаушыларды автобустармен тасымалдауға лицензиясы бар тасымалдаушылардың қызметін пайдалануға көңіл бөлу қажет. Жолға шықпас бұрын алдын ала көліктердің лицензиясы бар-жоғын тексеріп алуға кеңес береміз.
2-қызмет. Өздігінен жүретін шағын көлемдi кемелердi жүргізу құқығына куәлiктер беру. Бұл қызмет бойынша басқарма «Кеме жүргізушілерін шағын көлемді кемені басқару құқығына аттестаттау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 457 бұйрығын басшылыққа алады. Аталған Қағиданың 38-тармағына сәйкес Жергілікті атқарушы органдар кеме жүргізушілерін даярлау бағдарламасын келісуді және шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды есепке алуды жүзеге асырады. Қазіргі уақытта басқармамен «УКК «Политехник» ЖШС, «Cargo Consulting» ЖШС, БҚО төтенше жағдайлар департаментінің кеме жүргізушілерін даярлау курстарының бағдарламалары келісілген. Куәлік алу үшін оқу курстарын бітірген жеке тұлғалар курсты бітіргені туралы анықтама, медициналық тексеріс анықтамасы (073-у), 2,5 х 3,5 мөлшердегі 2 дана фотосымен Халыққа қызмет көрсету орталығына барып, өтініш жазу арқылы тесттен өтеді, тесттен өтсе, құжаттар басқармаға түседі. Қызмет көрсету уақыты -2 күн.
2025 жылы 51 жеке тұлғаға шағын көлемдi кемелердi жүргізу құқығына куәлiктер берілді.
3-қызмет. Ауданаралық (қалааралық облысішілік), әлеуметтік мәні бар қатынастар бойынша автомобильмен жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялау.
Тасымалдауды субсидилау «Республикалық маңызы бар қалаларды, астананы және олардың агломерацияларын қоспағанда, әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалдарын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығындарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 25 тамыздағы № 883 бұйрығына сәйкес жүргізіледі.
Аталған қызметті Жолаушылар мен багажды автомобильмен республикаiшiлiк тұрақты тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына арналған конкурстық комиссия шешімімен жеңімпаз болып танылған, басқармамен субсидиялау шарты жасалған тасымалдаушылар алады, яғни жеке және заңды тұлғалар алады. Ағымдағы жылы 19 тасымалдаушы (6 ЖШС, 13 ЖК) 26 ауданаралық маршрутта қызмет көрсетеді.
Соңғы жылдары облыстық бюджеттен бөлінетін субсидия көлемі артып келеді, сонымен қатар субсидияланатын маршруттар саны да өсуде. 2025 жылы ауданаралық 20 маршрут субсидияланса, жылдың аяғына дейін тағы да 6 маршрутқа көбейді. Жаңадан Бәйтерек ауданы бойынша Озерное, Переметный, Раздольное, Январцево, Бөрлі ауданы бойынша Ақсай, Жарсуат маршруттары субсидиялана бастады.
Қазіргі уақытта бюджеттен 527,5 млн. теңге бөлініп, 18 тасымалдаушы 25 маршрут бойынша субсидия алып отыр. 2025 жылдың қорытындысы бойынша 2025 жылы 244 қызмет көрсетілді, 614,5 млн. теңге игерілді, 332 218 жолаушы тасымалданды.
Жалпы аудан орталықтарына қатынайтын әлеуметтік маңызы бар маршруттарды субсидиялау тұрғындардың аз қамтылған бөлігі үшін (студенттер, зейнеткерлер және т.б.) қолжетімділікті қамтамасыз етіп, әлеуметтік мәселелерді шешуге ықпал етті.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету туралы басқармаға Х. Чурин көш, 116, 218-кабинет мекенжайы бойынша немесе 519263 телефоны бойынша хабарласуға болады.
Назарларыңызға рахмет!
«Батыс Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ 2026 жылғы 20 қаңтардан бастап «Орал-Қарағанды» авиарейсі қайта ашылатыны жөнінде хабарлайды. Билет құны 25000 теңге. Рейстер «Scat Airlines»әуе компаниясының 50 орындық «Bombardier CRJ-200» ұшағымен аптаның сейсенбі және жұма күндері орындалатын болады.
Құрметті жолаушылар!
2026 жылдың 3 қаңтарынан Орал - Түркістан рейсі жаңартылғаны туралы хабарлаймыз. Ұшулар аптасына екі рет - сәрсенбі, сенбі күндері орындалады.
Ұшуларыңыз сәтті болсын!
Centrum Air әуекомпаниясының Орал — Ташкент билеттеріне 25% жеңілдік
🎄🎄Centrum Air әуекомпаниясы Орал — Ташкент бағыты бойынша рейстерге арналған жаңа жылдық акция туралы хабарлайды.
2025 жылғы 19-26 желтоқсан аралығында жолаушылар әуе билеттерін 25% жеңілдікпен сатып ала алады.
Билеттер құны 30 000 теңгеден басталады.
Бұл Ташкентке саяхатты тиімді шарттармен — саяхат үшін де, іскерлік сапарлар үшін де жоспарлаудың тамаша мүмкіндігі.
Естеріңізге сала кетейік, рейстер 2026 жылдың 23 наурызынан басталады. Қазір көктемгі демалысты жоспарлаудың тамаша сәті: көбірек демалыс күндері, жылы ауа-райы және демалысты Ташкенттің жарқын мәдени оқиғаларымен үйлестіру мүмкіндігі — осынының барлығы тиімді бағамен.
Билеттер Centrum air, Aviata, Kaspi, Freedom сайттарында сатылуда.
Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект жәнецифрлық даму министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті (бұданәрі — Комитет) осымен мынаны хабарлайды.
Комитет Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 наурыздағы № 269 қаулысымен бекітілген цифрлық трансформация, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен киберқауіпсіздік саласын дамытудың 2023–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасында көрсетілген көрсеткіштерге қолжеткізу мақсатында халықтың киберқауіптер туралы хабардарлығы нарттыру бойынша белсенді жұмыс істеуде.
Ақпаратты ққауіпсіздік (киберқауіпсіздік) мәдениетінің деңгейін арттыру мақсатында Комитет «MSSP.GL» ЖШС-мен бірлесіп киберқауіпсіздік пен дербес деректерді қорғауға арналған бейнеролик, жадынамалар мен журналдар әзірленді, олар халық арасында цифрлық кеңістіктегі қауіпсіздік туралы хабардарлықты арттыруға бағытталған, бұл цифрлық қатерлер қазіргі уақытта өзекті болып табылады барған сайын байсалды бола бастады.
Сонымен қатар, жоғарыда аталған материалдардың бір бөлігі Egov Mobile мобильді қосымшасында негізгі экранда орналастырылғанын атап өткен жөн.
Қосымша: танысуға және материалдарды жүктеуге арналған сілтеме: https://disk.yandex.kz/d/cLOmiVIa7JbYKQ
Басқарма 2025 жылы 6 жаңа маршрут ашылғанын хабарлайды, олар: «Январцево-Орал», «Озерное-Орал», «Ақсай-Орал», «Переметное-Орал», «Жарсуат-Орал», «Раздольное-Орал».
Ауданаралық маршруттарды бюджет есебінен субсидиялау бағдарламасына сәйкес желтоқсан айынан бастап аталған маршруттарда қызмет атқаратын тасымалдаушылардың шығыны субсидиялана бастады, осыған орай жолақы құны келесі кестедегідей төмендеді.
|
Маршрут нөмері |
Маршрут атауы |
Қашықтығы, км |
Бұрынғы жолақы бағасы, теңге |
Қазіргі жолақы бағасы, теңге |
|
Бәйтерек ауданы бойынша |
||||
|
№174 |
Январцево-Орал-Январцево |
79 |
800 |
474 |
|
№70 |
Переметное-Орал -Переметное |
52 |
500 |
312 |
|
№59 |
Озерное-Орал -Озерное |
41 |
500 |
246 |
|
№177 |
Раздольное-Орал-Раздольное |
57 |
1000 |
342 |
|
Бөрлі ауданы бойынша |
||||
|
№121 |
Аксай-Орал -Аксай |
143 |
1500 |
858 |
|
№124 |
Жарсуат-Орал -Жарсуат |
144 |
2000 |
864 |
«Бос жұмыс орындары түріндегі тұзақтар»
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика
және арнайы есепке алу Комитетінің Қылмыстық қауіп-қатерлердің және
қоғамдық қауіпсіздіктің тәуекелдерін болжау орталығы жұмыспен қамту
саласындағы қылмыскерлердің белсенділігі туралы ескертеді.
Шетелдік дереккөздердің (Мир 24 -https://mir24.tv/news/16649356/obman-strudoustrojstvom.-
kak-raspoznat-moshennikov-pri-poiske- raboty, Рамблер -
https://www.rambler.ru/pro/rabota/55487558-novye-shemy-obmana-rabotnikov-i-soiskateley-5-
stsenariev-nazhivy/, РИА новости - https://ria.ru/20251018/moshenniki-2049030356.html, 48RU-
48Thttps://48.ru/text/world/2025/10/12/76071048/, Известия - https://iz.ru/1962442/2025-09-
27/rossiianku-obmanom-uvezli-iz-tailanda-v-mianmu-dlia-raboty-v-call-tcentre, Новые известия -
https://newizv.ru/news/2025-10-16/poehala-za-mechtoy-okazalas-v-lovushke-kak-ne-popast-v-rabstvopri-
poiske-raboty-438072) мәліметтеріне сәйкес интернет-алаяқтар танымал
платформаларда және әлеуметтік желілерде минималды талаптармен жоғары
табыс ұсына отырып, жұмысқа орналасу туралы хабарландырулар
жариялайды.
Жауап бергеннен кейін, іздеушілерге жалған сайттарға сілтемелер,
жеке деректерді жинауға арналған сауалнамалар жіберіледі немесе зиянды
бағдарламалық қамтылымы бар «жұмыс істеуге арналған мобильді
қосымшаны» орнатуды ұсынады, бұл зиянкестерге банктік деректерге,
мессенджерлерге және құрылғыны басқаруға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, шетелде, оның ішінде Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде
(Тайланд, Мьянма және т.б.) жұмыс істеу туралы жалған ұсыныстар да өзекті
болып қалуда.
Азаматтарды IT, модельдік, қонақ үй бизнесі саласында немесе call-
орталықтарға жұмысқа орналасу түрімен шетелге әкету үшін жалдайды, онда
олар еңбек және сексуалдық құлдықта болуы, қанауға және зорлық-
зомбылыққа ұшырауы мүмкін. Кейбір жағдайларда зардап шеккендер ді басқа
азаматтарды мәжбүрлеп алдау немесе дене мүшелерін трансплантациялау
схемаларында пайдаланады.
Қылмыскерлердің құрбаны болмау үшін келесілер ұсынылады:
- құжаттарды жібермес немесе қосымшаларды жүктемес бұрын жұмыс
берушінің заңдылығын және сайттың мекен-жайын тексеру;
- жұмысқа, оқуға немесе визаға ресімдеу үшін қаражат аудармау;
- қосымшаларды тек Google Play, App Store ресми дүкендерінен орнату;
- ресми шарт жасасқанға дейін жеке басын куәландыратын
құжаттардың көшірмелері мен деректерін және банк карталарын ұсынбау;
- қызметкерледі іріктеу бойынша қызмет көрсететін делдалдың немесе
агенттіктің заңдылығына көз жеткізу және агенттіктің тіркеу деректерімен
шетелдік жұмыс беруші арасында жасалған шартты сұрату;
- кез келген күмән туындаған кезде полицияға хабарлау.
Сіздің туысыңыз немесе досыңыз адам саудасының құрбаны
болған жоқпа тексеріңіз:
0702.14 Управление пассажирского транспорта и автомобильных дорог Западно-Казахстанской области\AСейфуллина А.М
- әдеттегідей қоңырау шалған кезде бейне қоңырауға ауысуды
ұсыныңыз. Егер ол бас тартып, «мүмкін емес» – деп байланысын үзсе, бұл
дабыл сигналы, полицияға хабарласуды ұсынамыз;
- бейне қоңырау кезінде келесі сұрақтарды қойыңыз: «Қайда
тұрғаныңды көрсет - мен сенің қаншалықты жайлы екеніңді көргім келеді»;
Сенің жаныңда кім бар, оларды көруге болады ма?; Сен қазір қайдасын, бұл
пәтерме, жатақханама, үйме?; Бүгін таңғы асқа/түскі асқа/кешкі асқа не бар;
Телефонды қай жерде қуаттайсыз; Сенің қасыңда розетка барма; Терезеден
қандай көрініс, көшеге шыға аласың ба; Сен бүгін демалыдың ба; Сенде
демалыс қашан? Жалақы алдың ба; Құжаттарыңды қайда сақтайсын?».
Адам орналасқан фонға және қоршаған ортаға (бөлме, қойма, жатақхана),
қасында әңгімені бақылап тұрған бөтен адамдардың болуына, кеңес берудің
дыбысына, дауыс екпініне, бет әлпетіне (қорықып тұрғандай көрінеді, камераға
қараудан бас тартады) назар аударыңыз.
Егер адам қоршаған ортаны көрсетуден бас тартып, сөйлеуден
қорқып, қысқа немесе бір қалыпты сөйлессе - мүмкін оны бөтен адамдар
бақылап тұр, мұндай жағдайларда полицияға хабарлауды ұсынамыз.
Бүгін, 2025 жылғы 29 қазанда қаржы саласы бойынша заңнамалық тақырыпқа, ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне және басқарма сайтын толтыру туралы семинар-кеңес өтті. Аталған семинарға басқарма қызметкерлері қатысты, олар жұмыс барысында кездесетін мәселелермен бөлісті.