
2024 жылғы 15 наурызда Басқармада ауданаралық автобус маршруттарында электрондық билеттеуді енгізу мәселесі бойынша кеңес өтті. Кеңеске БҚО IT қауымдастығының, Орал қаласының автовокзалының өкілдері мен тасымалдаушылар, сондай-ақ «О-CITY»қосымшасын және оның мүмкіндіктерімен таныстырған «БПЦ Казахстан» ЖШС жобаларының басшысы – Соколюк Данил қатысты.
Презентациядан кейін әр өкілдің ұстанымдары мен пікірлері тыңдалды.
Кеңес қорытындысы бойынша «БПЦ Казахстан» ЖШС жақын арада Басқармамен электрондық билеттендіру қосымшасына қойылған талаптарды ескере отырып, ауданаралық автобус маршруттарында жол жүру ақысын цифрландыру мүмкіндігін қарастыруға ниетті.