Егемен еліміздің ұлық мерекесі - Тәуелсіздік күні құтты болсын!

Егемен еліміздің ұлық мерекесі - Тәуелсіздік күні құтты болсын!

Тәуелсіздік күні өткен тарихымызға көз салып, қайта бағамдау маңызды. Біз жіберілген қателіктерді ескереміз, өткеннен сабақ аламыз және мемлекеттік саясат пен қоғамдық дамудың барлық бағыттарын мұқият түзете отырып, ағымдағы процестерді объективті бағалаймыз. Біздің басты міндетіміз – сыртқы факторлардың әсеріне, ақпараттық прокси-шабуылдарға және ішкі деструктивті күштердің әртүрлі көріністеріне қарамастан, біртұтас халық болып қалу. Ол үшін біз заңды сақтауға, мемлекеттік тәртіпті құрметтеуге, ақпараттық қауіпсіздік қағидаттарын ұстануға, адам құқықтарын сақтауға және қоғамның поляризациясына жол бермеуге міндеттіміз.