
2023 жылғы қараша айында Жолаушылар көлігі бөлімінің мамандары ауданаралық автобус маршруттарының, соның ішінде «Қазақстан Елім» ЖШС қызмет көрсететін № 151 «Жаңақала-Орал-Жаңақала», № 106 «Тайпақ-Орал-Тайпақ»,№ 196 Қаратөбе-Орал-Қаратөбе, «Жиенбай» ЖШС қызмет көрсететін № 212 «Жалпақтал-Орал-Жалпақтал», «Арғымақ» ЖК қызмет көрсететін № 197 «Қалдығайты-Орал-Қалдығайты», «ЖанибекСтройСервис» ЖШС қызмет көрсететін № 136 «Жәнібек-Орал-Жәнібек», «Миржан» ЖК қызмет көрсететін № 257 «Хан ордасы-Орал-Хан ордасы», «Тулепбергенов Д.С.» ЖК қызмет көрсететін № 109 «Чапаев-Орал-Чапаев», «Жібек-жолы» ЖК қызмет көрсететін № 248 «Ақжайық-Орал-Ақжайық», «Автотранс» ЖК қызмет көрсететін № 61 «Теректі-Орал-Теректі» маршруттарының жұмыстарын қарады.
Қызмет етіп жүрген автобустардың барлығы жылы, таза, қауіпсіздік белдіктері бар. Жолақы құны халыққа қолжетімді. Тасымалдаушылар тарапынан күнделікті бақылау жұмыстары жүргізіліп отырады, көп жылғы еңбек өтілдері бар тәжірибелі жүргізушілер еңбек етеді.
Облыс орталығы Орал қаласынан шалғай орналасқан аудан халқына№ 136 «Жәнібек - Орал - Жәнібек» маршрутымен қызмет етіп жүрген «ЖанибекСтройСервис» ЖШС-ның басшысы Марлен МәлікұлыСайхаденовтің жолаушыларға сапалы қызмет көрсету барысындағы жұмысы өте жақсы ұйымдастырылған. Жәнібек ауылында орналасқан бұрынғы Автобекет ғимаратын жолаушыларға қызмет көрсететін пунктке айналдырып, жолаушыларды билет сататын кассамен, күту залымен, автобусқа отырғызып- түсіретін алаңмен қамтамасыз етіп отыр.
Сонымен қатар жолаушыларға билет сататын кассирдің, маршрутқа шығар алдында жүргізушілерді медициналық тексеруден, көліктерді техникалық тексеруден өткізетін медик және механик мамандарыныңжұмысы жақсы жолға қойылған.