Құрметті Батыс Қазақстан облысының тұрғындары мен қонақтары!

Құрметті Батыс Қазақстан облысының тұрғындары мен қонақтары!

2023 жылы БҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы жолаушылар мен багажды республикаішілік автомобильмен тұрақты тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына арналған конкурстардың қорытындысы бойынша әлеуметтік маңызы бар қатынастарға жататын тұрақты ауданаралық автобус маршруттарын ұйымдастырғанын қуана хабарлаймыз:

  1. № 256 «Сайқын-Орал-Сайқын» (тасымалдаушы – «TULPAR» ЖК);
  2. № 226 «Жымпиты-Орал-Жымпиты»(«Жайлауов» ЖК).

Бұдан басқа, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай тасымалдаушылармен 2023 жылғы 7 желтоқсанда аталған маршруттарды субсидиялау туралы шарттар жасалды. Бұл халықтың аз қамтылған топтары (студенттер, зейнеткерлер және т.б.) үшін жол жүру бағасы бойынша қолжетімділікті қамтамасыз етуге мүмкіндік берді және әлеуметтік мәселелерді шешуге ықпал етеді.

Рейстер бекітілген кестеге сәйкес жүзеге асырылады:

- «Орал – Сайқын» - тақ күндері, «Сайхин – Орал» - жұп күндері. Билеттің бекітілген құны - 3348 теңге;

- «Жымпиты-Орал-Жымпиты» күнделікті негізде. Билеттің бекітілген құны - 900 теңге;

Жол жүру билеттерін Орал автовокзалынан және Адал сауда үйінен сатып алуға болады.