
2023 жылғы 26 қазан күні Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Айман Рафиковна Хайруллина Батыс Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы әкімшілік мемлекеттік қызметшілерінің қатысуымен семинар өткізді. Семинарды бастау барысында қазіргі уақытта мемлекеттік қызметшілер тарапынан әдеп кодексі талаптарын қатаң сақтау, мемлекеттік қызметшілердің өз құзыреттіліктері шеңберінде ғана жұмыс істеу, нақты сұрақ қойып, жауап беру, тұрақты түрде біліктіліктерін арттыру, әдеби кітаптарды көп оқу, бұқаралық ақпарат құралдарында сөз сөйлеу және әлеуметтік желілерді қолдану барысында өздерінің ой-пікірлерін білдіруді Әдеп нормаларының талаптарына сәйкес жүргізу қажеттілігі туралы айтылды.