
Жол жөндеу объектілерінің мониторинг ішеңберінде 11.10.2023 ж күні "БҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" ММ басшысы Бауыржан Есқайырұлы Айтмағамбетов Теректі, Бөрлі, Шыңғырлау аудандарына баруды жүзеге асырды.
"Федоровка-Ақсай", "Бөрлі-Ақсай-Жымпиты", "Амангелді-Жарсуат ", "Шыңғырлау-Ақшат-Сегізсай"автомобиль жолдарының учаскелерін орташа және күрделі жөндеу бойынша объектілерге барды.
Мердігерлік ұйымдар мен техникалық қадағалау қызметтерінің өкілдеріне анықталған ескертулерді жою жөнінде тапсырмалар берілді, жұмыстарды сапалы және мерзімінде аяқтаудың маңыздылығы жеткізілді.