23 маусым- Мемлекеттік қызметшілер күні

23 маусым- Мемлекеттік қызметшілер күні

​​Бүгін Батыс Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы А.Менеев  23 маусым - Мемлекеттік қызметшілер күні мерекесіне орай, мемлекеттік қызметте 30 жылдан астам қызмет етіп, зейнеткерлікке шыққан, өңіріміздің жол құрылысы және жолаушылар көлігі саласын дамытуға зор үлес қосқан, Басқармада ұзақ жылдар бойы еңбек етіп зейнеркерлікке шыққан мемлекеттік қызметшілермен кездесті. Кездесу барысында Ардагелер еңбек еткен жылдарынан естеліктер айтып, жиған тағылымды тәжірибесімен бөлісті. Жол саласын дамыту туралы өзінің ой пікірін ортаға салып, басқарма қызметкерлері тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.
Сонымен қатар, Басқарма басшысы А.Қ. Менеев мемлекеттік қызметшілер жұмысының маңыздылығын атап өтіп, ұжымды кәсіби мерекемен құттықтады. ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің БҚО бойынша басшысы М.С. Байсаловтың атынан жақсы жұмысы үшін жолаушылар көлігі бөлімінің бас маманы Т. А. Адиевке, сондай-ақ Басқарма басшысының атынан әкімшілік-құқықтық бөлімінің басшысы Н. А. Маркинаға, сондай-ақ ата-анасына тәрбиесі үшін А. М. Сейфуллинаның ата-анасына алғыс хат табыс етілді.
#мемлекеттікқызмет #мемлекеттікқызметшілеркүні #23маусыммемлекеттікқызметшілеркүні