2017 жылғы 27 қазанда сағат 15: 00-де облыстық қазақ драма театрында облыстық тілдерді дамыту басқармасының бастамасымен «Латын әліпбиіне көшу - болашаққа бастар жол» ұранымен латын әліпбиіне көшуді қолдау мақсатында БҚО жастар форумы өтті.
Форумға белгілі саясаттанушы және кәсіби медиатор, ғалым Көшім Досмаханбет Қалмаханұлы, әдебиеттанушы, балалар жазушысы, гуманитарлық ғылымдар магистрі Тоқтарбай Елдос Нүсіпұлы және тарих ғылымдарының кандидаты Жансигалиев Жаңабек Жанабайұлы, «Уралие» газетінің тілшісі, блогер Галина Олегова Самойлова қатысты.
Форум барысында БҚО жастары Мемлекет басшысы бекіткен жаңа латын нұсқасының маңыздылығын атап өтіп, қолдау туралы үндеу қабылдады.