
2021 жылғы 21 мамырда Батыс Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасында басшының орынбасары Т.С.Шиниязовтың төрағалығымен ауданаралық (облысішілік) автобус маршруттарында қызмет көрсететін тасымалдаушылармен кеңес өткізілді. Кеңеске Батыс Қазақстанның көлікпен тасымалдаушыларының қауымдастығының төрағасы Н.М. Бекқайыр қатысып, тасымалдаушыларды бірлестік жұмысымен таныстырды. Кеңес барысында автобустарды GPS қондырғысымен жабдықтау, субсидиялау тарифтері есептемелерін қайта қарау сияқты мәселелер қаралды, жолаушылар көлігі бөлімінің мамандарымен тасымалдаушылар сұрақтарына жауап берілді, бірлескен шешімдер қабылданды.