
2020 жылдың 23 қазанында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы Рустам Сапарбекұлы Ақмырзаевтің Басқарма қызметкерлерімен «Zoom» бейнеконференц байланыс режимінде кездесу өтті. Кездесуге Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Айман Рафикқызы Хайруллина қатысты. Шараның мақсаты - сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, парасаттылықты қалыптастыру.