
Батыс Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы Сайқын, Жәнібек және Казталов ауылдарындағы үш аэродромның техникалық-экономикалық негіздемесіне «Zoom»бейнеконференц байланыс режимінде қоғамдық тыңдаулар өткізілді.
Қоғамдық тыңдаулардың өткен күні мен уақыты:
«БҚО Казталов ауданы Казталов ауылындағы аэродром құрылысы» ТЭН-і бойынша 2020 жылы 23 қазанда, сағат 11.00-де;
«БҚО Жәнібек ауданы Жәнібек ауылындағы аэродром құрылысы» ТЭН-і бойынша 2020 жылы 23 қазанда, сағат 15.00-де;
«БҚО Бөкей ордасы ауданы Сайқын ауылындағы аэродром құрылысы» ТЭН-і бойынша 2020 жылы 23 қазанда, сағат 17.00-де өтті.