FlyArystan Ақтау-Орал-Ақтау бағытында 6999 теңгеден бастап қатынайды

FlyArystan Ақтау-Орал-Ақтау бағытында 6999 теңгеден бастап қатынайды

FlyArystan тағы бір жаңа бағытпен Қазақстанның батыс өңірі тұрғындарын қуантпақ. Жаңа тікелей рейстер Ақтау мен Орал шаһарлары арасында үстіміздегі жылдың 27 қазанынан бастап орындалатын болады. Минималды біржақты билет құны 6999 теңге, осылайша жолаушылар ұшақпен арзан сапар шегу барысында өз уақыттарын үнемдей алады. Естеріңізге сала кетсек, биыл жазда лоукостер Орал мен Атырауды қосып, Маңғыстау мен Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент, Қарағанды, Атырау мен Ақтобе қалаларын байланыстырды.

Тұрақты рейстер аптасына үш рет - сейсенбі, бейсенбі мен сенбі күндері заманауи Airbus A320 әуелайнерлерімен орындалатын болады. Рейстің ұшу ұзақтығы бір жарым сағат. 2021 жылдың 27 наурызына дейін орындалатын саяхаттарға билеттер дәл  қазір flyarystan.com сайтында немесе бюджеттік компанияның мобильді қосымшасында қолжетімді.

«Жаздың басынан біз еліміздің батыс өңірінде 12 бағытты жаңадан ашып, халық арасында сұранысқа ие көптеген рейстерді орындай бастадық. Ақтау-Орал-Ақтау да солардың қатарында екені сөзсіз. Маңғыстау облысының тұрғындары мен БҚО халқы алтын уақыттарын пойыз бен көлік жолына құртпай, әуесапардан ләззат алады», - деген сенімде FlyArystan-ның директоры Жанар Жайлауова.

Осыдан бір айдан аз уақыт бұрын отандық лоукостер тағы бір жаңа бағытта билет сатылымын ашық деп жариялады - Ақтау-Актөбе-Ақтау бағыты бойынша. Ал таяуда жергілікті әуетасымалдаушы одан да көп орын мен жаңа бағыттарды ұсынуды көздеп отыр.

 

FlyArystan бюджеттік әуекомпаниясы  – Алматы қаласында негізделіп, Skytrax World Airline Awards бағалауынша қызмет көрсету сапасы 4 жұлдызға сәйкестеніп, Орталық Азия мен Үндістандағы ең үздік компания деп танылған, «Эйр Астана»  әуетасымалдаушысының бөлімшесі.

2022 жылға қарай парктегі әуекемелер санын 15 дейін жеткізіп, оларды Қазақстанның бірнеше ірі қаласында негіздеу жоспарланып отыр. Kazakhstan Growth Forum 2019 пікірінше бірінші отандық лоукостер жыл мәмілесі атанып, “The Best Deal of the Year” номинациясын иемденді. Ал 23-ші «Крылья России 2019» атты әуе сылығында қазақстандық лоукостер «ТМД-ғы жыл оқиғасы» атауның жеңімпазы атанды.

 

Instagram: https://www.instagram.com/flyarystan/

Facebook: https://www.facebook.com/FlyArystan/

YouTube: https://www.youtube.com/channel/UCCNKeiGTetmdaNUDw7coeQQ

Vkontakte: https://vk.com/flyarystan_official

Telegram: @FlyArystan_official

 

Пайдалы ақпарат:

Лоукостер дегеніміз не және оның бағасы неліктен қолжетімді? https://youtu.be/xy8MlP-pnMg

Арзан билетті қалай табуға болады? https://youtu.be/CsnygBFLTmM

FlyArystan рейсіне қалай кешікпей келуге болады? https://youtu.be/v_FGOQxn_MY