Облыстың автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 6183 км құрайды. Оның ішінде: Республикалық маңызы бар автомобиль жолдары–1349 км.Жергілікті маңызы бар автомобиль жолдары – 4834 км.
2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Республикалық маңызы бар автожолдардың нормативтік жағдайдағы үлесі – 83%, жергілікті маңызы бар автожолдардың үлесі – 56% құрады.
2024 жылы облыстық және аудандық маңызы бар автожолдарға34,8 млрд. теңге бөлініп, жылдың қорытындысы бойынша 250,8 км жол жөнделді. (қайта жаңарту - 41,5 км, күрделі жөндеу - 103,8 км, орташа - 105,5 км).
2025 жылы облыста жергілікті маңызы бар жолдарда және «Ауыл – ел бесігі»(15 жоба)бағдарламасы бойынша жалпы сомасы 44,2 млрд.теңгеге260,7км ден астам жолды жөндеу жоспарлануда. Соның ішінде,облыстық( 7жоба) және аудандық маңызы бар(16 жоба) автожолдарға 38,9 млрд. теңге, 221,9км(қайта жаңарту - 35 км, күрделі жөндеу –88,7 км, орташа –98,2 км).
Асфальтбетон жабынын төсеу жұмыстары және «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасыаясында 15 елді-мекеннің ауылішілік жолдарын 5,2 млрд. теңгеге 38,8 км асфальтбетонды жабынмен қамтамасыз ету күтілуде.