ЕРЕЖЕ
автомобиль жолдарын жоспарлау және дамыту бөлімі туралы
1.Негізгі ережелер
3.Құрылымдық бөлімшенің құрылымын, штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік органның уәкілетті лауазымды адамы бекітеді.
1) Автомобиль жолдарын жоспарлау және дамыту бөлімінің басшысы;
2) Автомобиль жолдарын жоспарлау және дамыту бөлімінің бас маманы;
3) автомобиль жолдарын жоспарлау және дамыту бөлімінің бас маманы.
2.1. Тапсырмалар:
Функциялар:
2.2. Құқықтары мен міндеттері:
1.Заңдарда және басқа да нормативтік актілерде белгіленген тәртіппен және бастық пен оның орынбасары айқындаған мерзімдерде бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік және мемлекеттік емес құрылымдардан қажетті құжаттар мен материалдарды сұрату және алу;
2.Облыста жүргізілетін қаржы-кредит, инвестициялық, жекешелендіру, салық саясаты және облыстағы көлік пен коммуникациялардың жай-күйіне әсер ететін басқа да жағдайлар мәселелері бойынша шешімдерді әзірлеуге қатысады;
3.Мердігерлердің келісімшарт талаптарын сақтауына бақылау жасайды;
1.Құрылымдық бөлімше заңнамалық актілерге, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес оның негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерге ие.
2.Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын басшы басқарады.
3.Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесінің басшысы құрылымдық бөлімшенің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
4.Құрылымдық бөлімшенің басшысы мемлекеттік органның басшылығына құрылымдық бөлімшенің құрылымы мен штат кестесі бойынша ұсыныстар береді.
1) өз орынбасарының (орынбасарларының) міндеттері мен өкілеттіктерін олар болған кезде айқындайды;
2) құрылымдық бөлімшенің құрамына кіретін құрылымдық бөлімшелер басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;
3) Қазақстан Республикасы Президентінің заңдары мен актілеріне сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
6.Құрылымдық бөлімшенің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесінің атынан басқа құрылымдық бөлімшелерге жіберілетін құжаттарға құрылымдық бөлімшенің басшысы, ал ол болмаған жағдайда оны алмастыратын адам қол қояды.