2025 жылға Батыс Қазақстан облысының бойынша автомобиль жолдары бойынша

Облыстың автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 6183 км, оның ішінде Республикалық маңызы бар – 1349 км, жергілікті маңызы бар – 4834 км.

2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Республикалық маңызы бар автожолдардың нормативтік жағдайдағы үлесі – 83%, жергілікті маңызы бар автожолдардың үлесі – 56% құрады.

2024 жылы облыстық және аудандық маңызы бар автожолдарға34,8 млрд. теңге қарастырылды, жылдың қорытындысы бойынша 250,8 км жол жөнделді. (қайта жаңарту-41,5 км, күрделі жөндеу-103,8 км, орташа-105,5 км). Соның ішінде ірі жобалар:

  • Бөрлі-Ақсай-Жымпиты автожолын қайта жаңарту 68-139 км
  • Чапаев-Жаңақала-Сайқын автожолын қайта жаңарту 130-191 км
  • Барбастау-Ақжайық-Индер 93-145 автожолын күрделі жөндеу
  • "Беспішен-Қөшанкөл-Қараоба" 15-49 км (34 км) автожолын күрделі жөндеу.

 Соңымен қатар«Ауыл – ел бесігі» және Моноқалаларды дамыту бағдарламалары бойынша 27 елді-мекеннің ауылішілік жолдарын асфальтбетонды жабынмен қамтамасыз ету жоспарланып, 39 жоба іске асырылды. 2024 жылға бөлінген 8,8 млрд. теңгеге 88 км асфальтбетон жабынын төсеу жұмыстары жүргізілді.

Өзіңізге мәлім, төтенше жағдайдың (су тасқыны) салдары объектiлерде жол-құрылыс жұмыстарын жүргiзуге терiс әсер еттi, құм-қиыршықтас қоспасын өндiретін карьерлердiң көбінен тамыз айына дейiн құм-қиыршықтас қоспасын тиеуге мүмкiндiк болмады.

2025 жылы облыста жергілікті маңызы жолдарда және «Ауыл – ел бесігі»  бағдарламасы бойынша жалпы сомасы 42,2 млрд.теңгеге212 шақырымнан астам жолды жөндеу жоспарлануда. Соның ішінде,облыстық және аудандық маңызы бар автожолдарға 37,8 млрд. теңге, 177 км асфальтбетон жабынын төсеу жоспарда және «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша 12 елді-мекеннің ауылішілік жолдарын 4,4 млрд. теңгеге 34,9 км асфальтбетонды жабынмен қамтамасыз ету күтілуде.Сондай-ақ, 2025 жылы Орал қаласында 48 жоба бойынша 149,3 км жөндеу жоспарланған.

Негізгі назар облыстық маңызы бар автожолдарда ірі жобаларды жөндеуді жалғастыруға және аяқтауға аударылады.

  • Бөрлі-Ақсай-Жымпиты автожолын қайта жаңарту 68-139 км
  • Чапаев-Жаңақала-Сайқын автожолын қайта жаңарту 130-191 км
  • Барбастау-Ақжайық-Индер 93-145 автожолын күрделі жөндеу
  • "Беспішен-Қөшанкөл-Қараоба" 15-49 км (34 км) автожолын күрделі жөндеу.
Дата публикации
26 февраля 2025