Автобус маршруттары.
Бүгінгі таңда облыста 4 халықаралық маршрутбар(Самара, Орынбор, Тольятти, Саратов).
1 облысаралық маршрут жұмыс істейді (Атырауға), 24 ауданаралық маршрутқа 18 тасымалдаушы қызмет көрсетеді. Барлық 12 аудан орталығы автобус маршруттарымен қамтылған.
2023 жылы өткен конкурстар қорытындысы бойынша Оралдан 3 ауданаралық автобус маршруты қайта ашылды: Казталов, Жымпиты. Биыл Сарыөмір, Қамысты, Сайқын маршруттары жаңадан ойналып, қызмет көрсете бастады.
2023 жылы әлеуметтік маңызы бар бағыттарда 233 743 жолаушы тасымалданды.
Соңғы жылдары облыстық бюджеттен бөлінетін субсидия көлемі артып келеді, сонымен қатар субсидияланатын маршруттар саны да өсуде. 2024 жылға 400,0млн. теңге субсидия бөлінді. Бүгінгі күнге 13 тасымалдаушы 16 маршрут бойынша субсидия алып отыр.
Жалпы аудан орталықтарына қатынайтын әлеуметтік маңызы бар маршруттарды субсидиялау тұрғындардың аз қамтылған бөлігі үшін (студенттер, зейнеткерлер және т.б.) қолжетімділікті қамтамасыз етіп, әлеуметтік мәселелерді шешуге ықпал етті.
Субсидия және облыс әкімдігінің қолдауы арқасында ауданаралық маршруттарда қызмет көрсететін тасымалдаушылардың автопарктері жаңартылып келеді. 2020-2023 жылдар кезеңінде 15 жаңа автобус сатып алынды. Бұл жолаушыларға қызмет көрсету сапасын жақсартуға өз әсерін тигізді.
Теміржол маршруттары.
Біздің облыс арқылы келесі теміржол маршруттар өтеді:
- «Алматы-Саратов» халықаралық пойызы;
- «Орал - Астана», «Орал - Алматы», «Орал - Маңғышлақ» облысаралық пойыздары,
- «Орал – Семиглавый Мар» және «Орал – Шынғырлау» ауданаралық пойыздары.
«Орал- Семиглавый Мар» және «Орал – Шынғырлау» әлеуметтік маңызы бар маршруттарын субсидиялау бағдарламасы іске асырылуда (2022 жылы – 199,6 млн.теңге, 2023 жылы – 218,0 млн. теңге).2023 жылы 67 676 жолаушы тасымалданды.
2024 жылға 209,0 млн. теңге субсидия бөлінген.
ҚР Көлік министрі М.К. Қарабаевтың 2023 жылғы 2 қарашадағы хаттамалық тапсырмасын орындау шеңберінде Орал қаласы және Қазақстан станциясының вокзалдарын техникалық тексеру жүргізілді (дефекті актілері жасалды), оның қорытындысы бойынша күрделі жөндеуге қажетті қаражат тиісінше 1 700,0 млн. теңге және 722,0 млн. теңгені құрады.
Қазіргі уақытта жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу бойынша жұмыстар аяқталды (жобалаушы – "Эркер" ЖШС).
Анықтамалық:
Орал теміржол вокзалы. Класс – 1, салынған жылы – 1983, жалпы ауданы 5716,1 м2, өткізу қабілеті тәулігіне 900 жолаушы, күрделі жөндеуден өткен соңғы жылы – 2012.
Қазақстан вокзалы. Класс – 2, салынған жылы – 1937, жалпы ауданы 776,0 м2, өткізу қабілеті тәулігіне 50 жолаушы, күрделі жөндеуден өткен соңғы жылы – 2014.
Жобалар «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ компаниясымен жүзеге асырылады.
Әуе маршруттары.
Қазіргі уақытта Орал қаласының халықаралық әуежайы арқылы 9 бағыт бойынша жолаушылар рейстері жүзеге асырылады, оның ішінде 6 ішкі республикалық (Астана, Алматы, Түркістан, Ақтау, Атырау, Шымкент) және 3 халықаралық (Франкфурт, Анталья, Шарм-эль-Шейх).
Жобаның жалпы құны 6,6 млрд. теңге болатын әуежайы терминалының ғимаратын реконструкциялаудан кейінәуежайдың жаңа терминалының өткізу қабілеті 400 жолаушы/сағқұрайды.
Бүгінгі таңда «Орал» халықаралық әуежайы» ЖШС мамандандырылған жобалау ұйымын тарта отырып, «А» рульдік жолы мен перронның жасанды жабындарын реконструкциялауға жобалау-сметалық құжаттама әзірледі. Әзірлеудің жалпы құны 71 млн. теңге. ЖСҚ мемлекеттік сараптамадан өтуде, оны аяқтау 2024 жылдың 2 тоқсанында жоспарланып отыр. Мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алған жағдайда мердігер ұйымды айқындау бойынша конкурс өткізілетін болады.
Жобаны іске асыру әуежайды сенімгерлік басқарушының Инвестициялық бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылатын болады.
Өткен жылы Орал әуежайы бойынша келесі жұмыстар жүргізілді:
Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.