Автобус маршруттары.
Бүгінгітаңдаоблыста4халықаралықмаршрут бар (Самара, Орынбор, Тольятти, Саратов).
1 облысаралық маршрут жұмыс істейді (Атырауға), 24 ауданаралық маршрутқа 17 тасымалдаушы қызмет көрсетеді. Барлық 12 аудан орталықтары автобус маршруттарымен қамтылған.
2023 жылдың өткен конкурстар қорытындысы бойынша Оралдан 3 ауданаралық автобус маршруттары қайта ашылды: Казталов, Жымпиты және Сайқынға.
Соңғы жылдары облыстық бюджеттен бөлінетін субсидия көлемі артып келеді, сонымен қатар субсидияланатын маршруттар саны да өсуде. 2023 жылға 382,8 млн. теңге бөлінді (2022 ж – 355,5 млн.тг), 219 555 жолаушылар тасымалданды. Бүгінгі күнге 13 тасымалдаушы 16 маршрут бойынша субсидия алып отыр.
Жалпы аудан орталықтарына қатынайтын әлеуметтік маңызы бар маршруттарды субсидиялау тұрғындардың аз қамтылған бөлігі үшін (студенттер, зейнеткерлер және т.б.) қолжетімділікті қамтамасыз етіп, әлеуметтік мәселелерді шешуге ықпал етті.
Субсидия және облыс әкімдігінің қолдауы арқасында ауданаралық маршруттарда қызмет көрсететін тасымалдаушылардың автопарктері жаңартылып келеді. 2023 жылы6 жаңа автобустар сатып алынды.Бұл жолаушыларға қызмет көрсету сапасын жақсартуға өз әсерін тигізді.
Теміржол маршруттары.
Біздің облыс арқылы келесі теміржол маршруттар өтеді:
- «Алматы-Саратов» халықаралық пойызы;
- «Орал- Астана», «Орал -Алматы», «Орал -Маңғыстау» облысаралық пойыздары,
- «Орал–Семиглавый Мар» және «Орал – Шынғырлау» ауданаралықпойыздары.
«Орал- Семиглавый Мар»және «Орал – Шынғырлау» әлеуметтікмаңызы бар маршруттарынсубсидиялаубағдарламасыіскеасырылуда. 2023 жылға 218,0 млн. теңге субсидия бөлінген (2022 ж – 199,6 млн .тг), 65 000 адам тасымалданды.
Қазіргі таңда Орал және Қазақстан станциясы (Ақсай) вокзалдарын күрделі жөндеуге ЖСҚ жасақталуда. Орал вокзалын жөндеудің алдын ала құны – 1 700,0 млн теңге, Қазақстан станциясы – 722,0 млн теңге.
Әуе маршруттары.
Бүгінгі күнге Орал қаласының халықаралық әуежайы арқылы 9 бағыт бойынша жолаушылар рейстері жүзеге асырылады, оның ішінде 6 ішкі республикалық (Астана, Алматы, Түркістан, Ақтау, Атырау, Тараз) және 3 халықаралық (Франкфурт, Шарм-эль-Шейх, Пхукет).
Қазіргі уақытта «Орал Аэропорт Холдинг» ЖШС 100% қатысу үлесі бар «Орал» халықаралық әуежайы» ЖШС құрылтайшысы болып табылатыны белгілі. «Орал» халықаралық әуежайы» ЖШС сатып алу туралы шешім ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 11 қарашадағы №892 қаулысымен мақұлданды.
Бақыланбайтын қатысу үлесі 50%-дан кем «Орал Аэропорт Холдинг» ЖШС құрылтайшыларының бірі болып табылатын «Ретранс» АҚ ресейлік инвестордың ақпараты бойынша кейіннен 2024 жылы іске асырумен перрон мен рульдеу жолын қайта жаңғыртуға жоба әзірленуде. Жобаны іске асыру әуе кемелерінің массасы бойынша рульдеу жолына және әуежай перронына шектеулерді алып тастауға мүмкіндік береді.
Болашақта жаңа терминалдың іске қосылғанын және жоғарыда аталған жобаны іске асыруын ескере отырып жаңа бағыттарды ашу мүмкіндігі қарастырылатын болады.
Автомобиль өткізу пункттері.
Батыс Қазақстан облысында мемлекеттік шекара арқылы 6 автомобиль өткізу пункті(бұдан әрі – ӨП) жұмыс істейді:
3 халықаралық ӨП (Сырым, Тасқала, Ақсай);
3 екі жақты ӨП (Шаған, Жәнібек, Орда).
Қазақстан Республикасының көлік-логистикалық әлеуетін дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасына сәйкес (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы №1116 Қаулысымен бекітілген) Ресей Федерациясымен шекара арқылы өткізу пункттерінің өткізу қабілетін арттыру (реконструкциялау) көзделген, оның ішінде: «жасыл дәліздер» орналастырумен Сырым, Тасқала, Ақсай, Шаған, Жәнібек, Орда шекаралық автомобиль өткізу пункттерінде.
Анықтама:жасыл дәліздер - жүк АКҚ жүргізушілері көлік құралынан шықпай-ақ қызмет көрсете алатындай етіп «бірыңғай терезе» операторының жұмыс орнын ұйымдастыра отырып, жүк көлігі үшін шекаралық өткізу пункттерінде бөлінген қозғалыс жолақтары.
2023-2025 жылдары 1-ші кезең: Сырым, Тасқала және Ақсай;
2025-2030 жылдары 2-ші кезең: Шаған, Жәнібек және Орда.
Жобаларға тапсырыс беруші БҚО бойынша «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ филиалы болып табылады.
1 кезең бойынша жобалау ұйымдарымен жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге шарттар жасалды.
Бүгінгі таңда «Сырым» ӨП бойынша ЖСҚ әзірлеу жұмыстары аяқталды. Жоба 2 кезеңнен тұрады. Жобаның 1-ші кезеңі (бекет аумағының бас жоспары) мемлекеттік сараптамадан өтуде. 1-ші кезеңге оң қорытынды болған жағдайда (аяқталуы 25.12.2023) жобаның 2-ші кезеңі (инженерлік коммуникациялар) мемлекеттік сараптамаға жолданады.
«Тасқала» ӨП бойынша ЖСҚ әзірлеу жұмыстары 85%-ға орындалды. Өткізу пункттерін жаңарту үшін жер учаскелерінің актілерін рәсімдеу процесі жүріп жатыр.
«Ақсай» ӨП бойынша ЖСҚ әзірлеу 2024 жылы жоспарланып отыр.
2 кезең бойынша ЖСҚ әзірлеуді бастау 2025 жылы жоспарлануда.
Жобаларды іске асыру аталған өткізу пункттерінде өткізу қабілетін арттырады, сондай-ақ шекарадан өтетін адамдар үшін қолайлы жағдайлар жасайды.