Батыс Қазақстан облысының автомобиль жолдары бойынша

Облыстың автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 6176 км, оның ішінде Республикалық маңызы бар – 1414 км, жергілікті маңызы бар – 4762 км.

2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Республикалық маңызы бар автожолдардың нормативтік жағдайдағы үлесі – 68%, жергілікті маңызы бар автожолдардың үлесі – 46% құрады.

2023 жылы облыста «Қуатты өңірлер – ел дамытуның драйвері» ұлттық жобасы, сондай – ақ «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы аясында жалпы сомасы 81,5 млрд.теңгеге 615 шақырымнан астам жолды жөндеу жоспарланған.

Республикалық желілер.

Облыста автожол саласын дамыту шеңберінде 2019 жылдан бастап жалпы ұзындығы 317 км болатын 8 жоба (күрделі жөндеу және реконструкциялау) іске асырылуда.

  1. Казталов, Бөкей ордасы және Жәнібек аудандарының аудан орталықтарын облыс орталығымен байланыстыратын автомобиль жолдарын күрделі жөндеу.

Күрделі жөндеумен 245 км жол (6 жоба)қамтылды:

-«Қазталов – Жәнібек- РФ шек.» автожолы бойынша  км 0-138, 158-165 (4 жоба)142 км.;

- «Унеге – Бисен-Сайхин»0-103 км автожолы бойынша (2 жоба)103 км.

Жобалардың жалпы құны 80,1 млрд. теңгені құрайды. Жобаларды іске асыру басталғаннан бері (2019-2022 жж.)124,6 кмжолға асфальтбетон жабыны төселді.

2023 жылы автожолдың қалған 120,4 шақырымына 31 млрд. теңге бөлініп, бүгінгі таңда 2023 жылы 97,8кмжолғаасфальтбетон жабыны төселді.

  1. «Подстепное-Федоровка-РФшек.» автомобиль жолынқайтажаңғырту 0-36 км және 108-144 км(1 және 4 этап).

Қайта жаңғыртумен 72 км (2 жоба) қамтылды. Жобалардыңжалпықұны38,5 млрд. теңге. 2023 жылы 8 млрд. теңгесомасына34,6 км жолдыасфальтбетонменжабынытөсеу жоспарланды. Бүгінгі таңда 39,6 км асфальтбетонменжабынытөселді

Жергілікті желілер (облыстық, аудандық және көше желілері).

2023 жылы жалпы сомасы 43,3 млрд.теңгеге ұзындығы 505 кмболатын 127 жоба іске асырылуда. (Оның ішінде 2022 жылдан бастап 33 жоба ауыспалы):

1) Облыстық және аудандық маңызы бар автожолдар бойынша.

Облыста ұзындығы 335 км жалпы сомасы 24,6 млрд. теңгеге 61 жоба іске асырылуда, оның ішінде 2022 жылдан ауыспалы 21 жоба. Бүгінгі таңда 290,8 км автожолыасфальтбетон жабынымен төселді.

Бүгінгі таңда облыстық және аудандық маңызы бар жолдарға бөлінген қаражаттың 18,5 млрд.теңгесі (75,2%) игерілді.

2) Елді мекендердің көше желілері бойынша

«Ауыл – ел бесігі» және Моноқалаларды дамыту бағдарламалары бойынша облыстың елді мекендерінің көшелерін жөндеу бойынша жалпы сомасы 7,0 млрд.теңгеге 36 жоба іске асырылуда.Бүгінгі таңда бөлінген қаражаттың 5,9 млрд.теңгесі (84%) игерілді.

Орал қаласы бойынша:

2023 жылы 9,7 млрд теңгеге ұзындығы 76,8 км болатын30 жоба іске асырылуда немесе 71 көше. Бүгінгі таңда барлығы 54,4 км немесе 40 көшегеасфальтбетон жабыны төселді.

Дата публикации
21 декабря 2023