БҚО-да тактикалық оқу-жаттығу жүйелі өтті

БҚО-да тактикалық оқу-жаттығу жүйелі өтті

Аумақтық қорғаныс бригадасының «Қорғау және қорғаудағы ротаның іс-әрекеттері, маңызды мемлекеттік және стратегиялық нысандар» атты тактикалық оқу-жаттығудың алғашқы 10 күндігі жүйелі өтті. 4-13 қыркүйек аралығында ұйымдастырылған жаттығу Мемлекет басшысының ағымдағы жылы 5 қыркүйек күні берген «Батыл тойтарыс-2023» стратегиялық командалық-штабтық әскери оқу-жаттығуын өткізу тапсырмасына сәйкес, облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің қолдауымен өткізілді.

Оқу-жаттығу аумақтық қорғаныс бригадасының Ұлттық ұлан бөлімшелері және Полиция департаменті, Төтенше жағдайлар департаменті, сондай-ақ, денсаулық сақтау басқармасымен бірлесе жүргізілді. Әскери оқу-жаттығу – әскери міндеттілерді өзінің қызмет еткен қалыпты жағдайларын қалыпқа келтіру, еске түсіру, сондай-ақ облыстағы маңызды стратегиялық объектілерді қорғау мақсатында ұйымдастырылды.

«Бөрлі ауданы қорғаныс істері бөлімінен 85 әскери міндеттілер келді. Олар 4-13 қыркүйек аралығында арнайы тактикалық жаттығуға қатысып, өздерінің жауынгерлік біліктіліктерін шыңдады. Бұл өткізілген іс-шара қорғаныс министрлігінің бұйрығына сәйкес, алдыңғы уақытта әскери қызметте болған әскери қызметкер әр бес жыл сайын осындай жиындарға келіп, әскери істі үйреніп, біліктіліктерін шыңдайды»,-деді Тәрбие және идеологиялық жұмыстары бөлімінің аға офицері, майор А.Сыдықұлы.

Оқу-жаттығу жиыны барысында стратегиялық маңыздылығы жоғары төтенше жағдайдың алдын алу, сонымен қатар терроризмге қарсы іс-қимыл шаралары практикалық түрде көрсетілді.

«Осы он күндікте үйренгеніміз өте көп. Жаңа техникалармен жұмыс жасап, тәжірибе жасадық. Болашақта осы оқу-білім, еліміздің тыныштығы үшін қажет деп білемін»,- деді аға-сержант Альберт Жандалиев.

Жиын соңында бірқатар әскери міндеттілер жоғары әскери шеберлігі үшін марапатталды. Сондай-ақ, облыс әкімінің алғыс хаты табысталды.

Айта кетейік, арнайы тактикалық жиынның екінші кезеңі 18-28 қыркүйек аралығында өткізілетін болады.

БҚО Өңірлік коммуникациялар қызметі

Дата публикации
14 сентября 2023