Облыстық маңызы бар Барбастау-Ақжайық-Индер автожолының барлық қашықтығы 307 шақырымды құрайды. Оның 43-93 шақырым учаскесінде 2021 жылы басталған қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Мердігер ұйым «Юнисерв» ЖШС, техқадағалау ұйымы «Құрылыс маркетинг» ЖШС. Бүгінгі күні аталған жоба жол-құрылыс материалдарының күрт өсуі салдарынан түзетуден өтуде. Дегенмен жөндеу жұмыстары шілде айында жандандырылып, бүгінгі күні 2,5 шақырым қара қиыршықтас және 1,8 шақырым асфальтобетон астыңғы қабатын құрастыру жұмыстары жасалды.
Жұмыстарыды толық аяқтау 2024 жылға жоспарланды.
Бүгінгі күні осы жұмыстарды жүргізу барысында күннің қатты ыссылығы салдарынан себілген су тез кеуіп кетіп айналма жолда шаңдақ болып отыр, сол себепті жол пайдаланушылардан шыдамдылық сұрай отырып, жол жүру кезінде абай болуларыңызды сұраймыз.
Сонымен қатар, әлеуметтік желідегі теріс, тексерілмеген ақпараттарға назар аудармай басқарманың арнайы сайттарынан немесе әлеуметтік желілерінен оқуларыңызға болатындығын ескертеміз.
Назарларыңызға рахмет! БҚО ЖКжАЖ басқармасы.