ХАБАРЛАНДЫРУ

Құрметті Батыс Қазақстан облысының тұрғындары мен қонақтары!

 

«БҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ №6874/6873 «Орал – Шыңғырлау – Орал» және №6871/6872 «Орал – Семиглавый мар – Орал» ауданаралық поездарының жүру мерзімділігінің өзгергені туралы хабарлайды:

- 2023 жылғы 6 наурыздан бастап «Орал – Шыңғырлау» пойызының жүруі күнделікті негізде жүзеге асырылатын болады. Оралдан жөнелту сағат 08:55-те (Шыңғырлауға келу сағат 12:50-де), Шыңғырлаудан жөнелту сағат 13:40-та (Оралға келу сағат 18:09-да);

- 2023 жылғы 10 наурыздан бастап «Орал – Семиглавый мар – Орал» пойызының жүруі аптасына 3 рет жүзеге асырылады: жұма, сенбі және жексенбі. Оралдан сағат 08:00-де жөнелту (Семиглавый марға сағат 10:36-да келу), Семиглавый мардан сағат 14:57-де жөнелту (Оралға 17:17-де келу).

Пойыздардың келуі және жөнелтуі жергілікті уақыт бойынша.

Дата публикации
10 марта 2023