Жалпы жағдай. 2022 жыл қорытындысы.
Батыс Қазақстан облысы автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 6176 шақырым құрайды, республикалық маңызы бар – 1414 шқ, жергілікті маңызы бар – 4762 шқ. Жергілікті желі автомобиль жолдарының (облыстық және аудандық маңызды) жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы үлесі 46% құрайды.
Автомобиль жолдарының жай-күйін жақсарту үшін Мемлекет басшысының тікелей тапсырмалары бойынша «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» Ұлттық жобасы аясында 2022 жылы құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілген 55 нысанның 22-сі пайдалануға берілді, ал 25 нысан жобамен 2023 жылға ауыспалы болып қарастырылған. Алайда, жол битумының тапшылығы, инертті материалдарды жеткізу үшін теміржол вагондарының жетіспеушілігі, сондай-ақ дизель отынының тапшылығы мен қымбаттауына сияқты жағдайларға байланысты қалған 8 жоба бойынша жұмыстар мерзімінде аяқталған жоқ. Жоғарыда аталған жағдайлар құрылыс маусымының дәл ортасында көптеген нысандардағы жұмыстардың тоқтап тұруына себеп болды.
12 айда қорытындысы бойынша жергілікті желі автожолдарында (облыстық және аудандық маңызды) барлығы 21,0 млрд.теңге (78%) қаржы игеріліп, 246 шақырымы жөнделд. Осылайша, облыстық және аудандық маңызы бар автожолдарын салу және жөндеу, сонымен бірге жүргізілген ағымдағы жөндеу мен диагностикалау шараларының нәтижесінде олардың жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы үлесі 46%-ға жетті. Сондай-ақ, бюджетке 3,2 млрд.тенге қаржы кері қайтарылды.
Жүргізілген құрылыс және жөндеу жұмыстарының нәтижелері бойынша халық саны 18 мың адам болатын 37 АЕМ-і қатты жабынды жолмен қамтамасыз етілді. Сондай-ақ, «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» Ұлттық жобасы аясында жұмыс орындарын құру шеңберінде 400-ге жуық уақытша жұмыс орны ашылып және соншасы жұмысқа орналастырылды.
Бүгінгі таңда барлық нысандар бойынша ауа райының қолайсыздығына байланысты жұмыстар тоқтатылып, 2023 жылғы құрылыс маусымына дайындық жұмыстары жүргізілуде.
Жұмыстардың сапасын бақылау.
Автожолдарда орындалатын жұмыстар мен құрылыс материалдарының сапасына мониторинг жүргізуді қамтамасыз ету үшін 2022 жылға «Жол активтері ұлттық сапа орталығы» РМК БҚО бойынша филиалымен (бұдан әрі – Филиал) жалпы сомасы 139,5 млн.теңгеге шарттар жасалынды. Оның ішінде облыстық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасымен – 100 млн.тг., Орал қаласы әкімдігімен – 10 млн.тг., аудан әкімдіктерімен – 21,7 млн.тг.
2023 жылғы жоспарлар мен іс-шаралар.
Ағымдағы жылы облыста «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» Ұлттық жобасы, сондай-ақ «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы шеңберінде 71,7 млрд.теңге сомасына 545 шқ астам жолды. Соның ішінде 26,6 млрд.теңге қаржыға 329 шқ жергілікті желі жолдарын (облыстық және аудандық маңызы бар) жөндеуден өткізу жоспарланып отыр.
Оның ішінде облыстық маңызы бар жолдарда 10 жоба бойынша жөндеу жұмыстары жоспарланған. Барбастау-Ақжайық-Индер (43-93 шқ уч.), Бөрлі-Ақсай-Жымпиты (68-139 шқ уч.), Чапай-Жаңақала-Сайқын (130-191 шқ уч.) 3 облыстық автожолын қайта жаңарту жалғасады, олар үшін бюджеттен 4 871 млн. теңге қарастырылып отыр. Федоровка-Ақсай (58-73 км уч.) және Тасқала-Аққурай-Болашақ (111-149 км уч.) автожолдары учаскелерін орташа жөндеу аяқталады. Сондай-ақ, Орал қаласы әуежайының кірме жолы мен Бәйтерек ауданындағы Деркөл өзені арқылы өтетін авариялық жағдайдағы көпірді орташа жөндеуі жоспарланып қаражат қарастырылған.
«Барбастау-Ақжайық-Индер, 93-145 шқ», «Чапай-Жаңақала-Сайқын, 257-337 шқ», «РФ шекарасы-Жалпақтал-Жұлдыз-Қарасу, 50-90 шқ» перспективті автожол жобаларына ЖСҚ әзірленуде.
Аудандық маңызы бар 286 шақырым жолды жөндеумен қамту жоспарлануда: Ақжайық (2 жоба), Бөрлі (2 жоба), Бөкей ордасы (2 жоба), Бәйтерек (9 жоба), Жаңақала (4 жоба), Жәнібек (4 жоба), Шыңғырлау (7 жоба) және Тасқала (4 жоба), Теректі (3 жоба) (3 жоба), Қаратөбе (1 жоба) және Сырым (2 жоба) аудандарында.
Барлық жол жобаларын іске асыру үшін қажетті жол-құрылыс материалдары – битум мен қиыршық тасты үздіксіз жеткізіп отыруды қажет етеді.
Ағымдағы айда Жәнібек және Бәйтерек аудандарының аудандық маңызы бар автожолдарына 958,538 млн. теңге көлемінде материалдар дайындауға аванс жоспарланған.
2023 жылдың соңына қарай жергілікті желі автожолдарының жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы үлесін 46%-дан 52%-ға жеткізу жоспарланған.