Хабарландыру

Автокөлік құралдарының нақты салмақ габариттік параметрлерін тексеру функциясын бәсекелес ортаға беру

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 24 тамыздағы № 576 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру жөніндегі 2021-2023 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын орындау үшін бәсекелес ортаға беру үшін ұсынылатын Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) автомобиль көлігі саласындағы функцияларының тізбесі айқындалды, оның ішінде автокөлік құралдарының нақты салмақ габариттік параметрлерін тексеру.

Қазіргі уақытта, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 31 мамырдағы № 55 бұйрығымен бекітілген Әдістемеге (бұдан әрі – Әдістеме) сәйкес аталған функцияларды іске асыру бойынша мүдделі тұлғалар тарапынан ағымдағы жайғайды айқындау мақсатында «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасымен (бұдан әрі – Палата) бірлесіп, олар бойынша нарықтың дайындығына талдау жүргізілуде.

Бұл ретте, ұсынылатын функциялардың тізбесі мүдделі тұлғалардан, оның ішінде оларды жүзеге асыруға дайын (ниет білдірген) тұлғалардан өтінімдер жинау үшін Министрліктің және Палатаның ресми интернет-ресурсында жарияланды.

Қысқа мерзімдерге байланысты кәсіпкерлік субъектілерінен ақпарат (сауалнама) (1-қосымша) және толтырған өтінімдер (2-қосымша) а.ж. 7 сәуірге дейін күтіледі.

 

Интернет-ресурстарға сілтемелер:

https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/documents/details/279474?lang=ru

https://www.gov.kz/memleket/entities/miid/documents/details/279605?lang=ru

https://atameken.kz/ru/pages/973-peredacha-gosudarstvennyh-funkcii-v-konkurentnuyu-sredu-i-samoreguliruemym-organizaciyam

 

moreguliruemym-organizaciyam

Автокөлік құралдарының нақты салмақ габариттік параметрлерін тексеру функциясын бәсекелес ортаға беру
Дата публикации
01 апреля 2022