Ағымдағы жылдың 29 маусым күні «БҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ-де тұрақты ауданаралық (қалааралық облысішілік) автобус маршруттарында қызмет көрсету құқығына арналған қайта конкурс өткiзілді. Конкурстық ұсынымдарды қарау бойынша конкурстық комиссия отырысының хаттамасына сәйкес, келесі ауданаралық автобус маршруттары бойынша жеңімпаздар анықталды.
- № 61 «Федоровка - Орал»;
- № 197 «Қалдығайты - Орал»;
- № 106 «Жаңабұлақ - Орал»;
- № 154 «Пятимар - Орал».
09.07.2021 ж. № 197 «Қалдығайты - Орал» маршруттың жеңімпазымен шарт жасалды, 10 шілдеден бастап тасымалдаушы осы маршрут бойынша жолаушыларды тасымалдауды бастады.
Қалған маршруттар бойынша тасымалдаулар шарттар жасалғаннан кейін басталады.