Меню

Страницы

Статья

«Казталов ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі бос азаматтық қызметші лауазымын иеленуге ашық конкурс жариялайды

  1. Бөлімнің тіркеуші-инспекторы – 1 бірлік (АХАЖ бөлімі, бала күтіміндегі негізгі қызметкер орнына)

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

  • білімі кәсіптік орта немесе жоғары (заңгерлік немесе гуманитарлық ғылымдар (педагогикалық));
  • мемлекеттік тілді және орыс тілін жетік білуі;
  • компьютерде жұмыс жасай білуі.
  • мемлекеттік мекемеде кемінде 6 ай жұмыс өтілінің болуы;

Лауазымдық міндеттері

3.1. Тууды, неке қиюды, неке бұзуды, қайтыс болуды тіркеу, түзету енгізу, толықтыру, өзгерістер енгізу, қалпына келтіру, күшін жою; қайталама куәліктер мен анықтамалдар беру;

3.2. Акті жазбаларға өзгерістер енгізу, қалпына келтіру, күшін жою мәселелері жөнінде азаматтарды қабылдау.

3.3. Халыққа қызмет көрсету орталықтарынан түскен тізілім бойынша мемлекеттік қызметтерді орындау.

3.4. Жылдық, тоқсандық, айлық есептер мен ақпарттар дайындайды.

3.5. Елтаңбалы куәліктер бланкілерінің сақталуы мен жұмсалуына жауап береді.

3.6. Қазақстан Ресубликасының заңнамаларына сәйкес басқа да міндеттерді атқарады.

3.7. Бөлім басшысы жүктеген басқа да міндеттерді орындайды.

3.8. Халыққа АХАТ қызметі бойынша номативтік –құқықтық нормаларды түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға мынадай құжаттарды ұсынады:

  • қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетілген конкурсқа қатысу туралы өтініш;
  • толтырылған кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақты;
  • жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
  • білім туралы құжаттардың көшірмелері (нотариуспен куәландырылған);
  • еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесін;
  • алдын ала медициналық куәландырудан өткені туралы құжаты;
  • 3х4 үлгідегі екі фото суреті;

Конкурсқа қатысушы біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат бере алады. Көрсетілген құжаттардың бірінің болмауы құжаттарды конкурсқа қатысушыға қайтару үшін негіз болып табылады.

Құжаттарды қабылдау мерзімі

Конкурс өткізу туралы хабарландыру ресми жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күннің ішінде көрсетілген мекен жай бойынша тапсырылуы тиіс.

Мекен жайы: БҚО Казталов ауданы, Казталов ауылы,  Ш.Шарафутдинова көшесі № 3 үй, Казталов ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі.

Анықтама телефоны: жұмыс (8- 711- 44) 33-7-70, ұялы 8705 387 22 12.

Электронды адрес: kazt_sport@mail.ru

Дата публикации
15 марта 2022
Дата обновления
15 марта 2022
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

Ақпарат
16 октября 2026
Ақпарат
13 октября 2026
Мемлекет басшысы барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы Жарлыққа қол қойды
13 октября 2026

Социальные медиа

Kaztalov Aýdany Ákiminiń Apparaty

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы