Казталов ауданы әкімінің аппараты, 090700, БҚО, Казталов ауданы, Казталов ауылы, Шарафутдинов көшесі, №1, анықтама үшін телефон: 8(71144)32122, Е-mail: gossluzhba_kaztalov@mail.ru
Казталов аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының директоры лауазымы
Функционалдық мiндеттерi:
жұмыспен қамту орталығына (бұдан әрі – Орталық) ұйымдастырушылық және әдістемелік басшылықты жүзеге асырады; өзін-өзі жұмыспен қамтыған, жұмыссыз және күнкөрісі төмен халық қатарындағы адамдарды кәсіптік бағдарлауды ұйымдастырады және оны сапалы жүргізуді қамтамасыз етеді;халыққа консультативтік көмек көрсету жұмысын ұйымдастырады;жұмыспен қамтуға жәдемдесудің белсенді шараларына әлеуетті қатысушыларға бейімдеу қызметін және психологиялық қолдау көрсету жұмысын ұйымдастырады;жұмыспен қамтуға жәдемдесудің белсенді шараларын іске асыру, жүгінген адамдарды жұмысқа орналастыру, кәсіптік оқыту, уақытша жұмыспен қамту, өзін-өзі жұмыспен қамтыған, жұмыссыз және күнкөрісі төмен азаматтардың ерікті түрде қоныс аударуы, оларға мемлекеттік әлеуметтік қолдау шараларын көрсету жөніндегі іс-шараларды әзірлеу жұмысын үйлестіреді және ұйымдастырады; жұмыспен қамтуды реттеу саласында ғылыми зерттеулер, қазіргі еңбек нарығына талдау жүргізуге, оның даму перспективалары, халықты кәсіптік бағдарлау және психологиялық қолдау жөнінде ұсыныстар әзірлеуге ықпал етеді;жұмыспен қамту саласында автоматтандырылған ақпараттық жүйелерді енгізу, белгіленген еңбек нарығының дерекқорын қалыптастыру жұмысын ұйымдастырады;жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі алдыңғы қатарлы тәжірибені зерделеуді және жинақтауды ұйымдастырады;жергілікті атқарушы органдармен, жұмыс берушілермен және ұйымдармен халықты жұмыспен қамту мақсатында өзара іс-қимыл жасайды;еңбек нарығындағы қажеттілікті ескере отырып кәсіптік оқытуды ұйымдастыру үшін кәсіптер (мамандықтар) тізбесін айқындайды; әрбір нақты жағдайда кәсіптік даярлауды жүргізудің барынша орынды нысаны мен орнын айқындайды; Орталықтың барлық бөлімшелерінің жұмысын және өзара тиімді іс-қимылын ұйымдастырады; Орталықтың қаржы-шаруашылық қызметін басқарады және шаруашылық дербестілігін, оның материалдық-техникалық базасын кеңейту және дамыту шараларын қабылдайды, бөлінетін бюджет қаражатын, сондай-ақ қаржыландырудың басқа да көздерінен түсетін қаражаттардың ұтымды пайдаланылуын қамтамасыз етеді; Орталықтың қаржы-шаруашылық және өндірістік қызметі жоспарларының орындалуын, шарттардың жасалуы мен орындалуын бақылайды;ұйымды білікті кадрлармен қамтамасыз ету, қауіпсіз және қолайлы еңбек жағдайларын жасау шараларын қабылдайды;еңбек және өндірістік тәртіпті күшейту, Орталық қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жұмысын жүргізеді; Азаматтардың шағымдары мен өтініштерінің уақтылы қаралуын және олар бойынша шешімдер қабылдауды қамтамасыз етеді; уақтылы есепке алуды және есептілікті қамтамасыз етеді; Өрт қауiпсiздiгi қағидаларының сақталуын қамтамасыз етеді.
Біліктілігіне қойылатын талаптар: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) (әлеуметтік, экономикалық, заңгерлік) білім және жұмыс өтілі халықты әлеуметтік қорғау немесе жұмыспен қамту жүйесінде кемінде 3 жыл немесе қызметтің басқа салаларындағы басшы лауазымдарында кемінде 2 жыл.
Лауазымдық жалақысы, тг.: 272357-330226.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
Құжаттар 15 күнтізбелік күні ішінде, 2021 жылдың 8-22 қыркүйек аралығында қабылданады.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдайтын мерзімде ұйымға қолма-қол немесе пошта арқылы мынадай құжаттарды:
1) қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетілген конкурсқа қатысу туралы өтінішті;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
3) кадрларды есепке алу жөніндегі толтырылған жеке парақты (нақты тұратын мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген);
4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелерін;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесін;
6) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтаманы ұсынады.
Азаматтық қызметке тұру кезінде, ол адам сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің бар не жоқ екендігі туралы анықтама ұсынады.
Көрсетілген құжаттардың бірінің болмауы құжаттарды конкурсқа қатысушыға қайтару үшін негіз болып табылады.
Конкурсқа қатысушы, болған жағдайда оның біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәреже мен атақ беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнындағы басшылық берген ұсынымдарды) ұсынады.
Әңгімелесу өткізудің мерзімі:
Құжаттарды қабылдау аяқталған күннен кейін бес жұмыс күні ішінде комиссия қатысушының біліктілік талаптарына сәйкестігін біліктілікті бағалауды жүргізеді.
Конкурсқа қатысушылардың біліктілік талаптарына сәйкес келу мәніне жүргізілген бағалау нәтижелері бойынша комиссия дауыс беру жолымен біліктілік талаптарына сәйкес келетін кандидаттардың тізімін бекіту туралы және (немесе) әңгімелесуге жіберуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Кандидаттардың тізімін бекіткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде:
1) біліктілік талаптарына сәйкес келетін конкурсқа қатысушыларды кандидат ретінде бекіту туралы, әңгімелесу өтетін күн, уақыт және орын туралы хабардар етеді.
2) біліктілік талаптарына сәйкес келмейтін конкурсқа қатысушыларды әңгімелесуге жіберуден бас тарту туралы хабардар етеді.
Тараптардың келісуі бойынша әңгімелесу бейнебайланыстың қашықтық құралдары арқылы өтеді.
Әңгімелесу өтетін орны: Казталов ауданы әкімінің аппараты, БҚО, Казталов ауданы, Казталов ауылы, Шарафутдинов көшесі, №1