2021 жылғы 25 шілдеде Казталов ауданының ауылдық округтері әкімдерінің төрт сайлау округі бойынша сайлауы өтті.
Казталов аудандық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Казталов ауданының ауылдық округтері әкімдерін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:
Казталов сайлау округі
Казталов ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 3665 азамат енгізілді, оның ішінде 2711 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 95, "барлығына қарсы" деген жолда белгісі бар - 53.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Галимов Е.Б.– 1771; Шарипкалиев Р.С.– 792;
Казталов ауылдық округінің әкімі болып Галимов Ернар Бахтиярович сайланды, 1984 жылы туған, Казталов аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы, Казталов ауылдық округінің, Казталов ауылында тұрады. «Nur Otan» париясы ұсынды.
Бостандық сайлау округі
Бостандық ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1011 азамат енгізілді, оның ішінде 917 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны– 1, "барлығына қарсы" деген жолда белгісі бар - 23.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Даулетияров Д.К. - 385; Ихсанов Н.Г.– 63; Сармалаев А.М.– 445.
Бостандық ауылдық округінің әкімі болып Сармалаев Асыланбек Мусабекович сайланды, 1982 жылы туған, «Батыс Қазақстан облысы білім басқармасы әкімдігінің Казталов аудандық білім бөлімінің Бостандық орта жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, алғашқы әскери технологиялық дайындық пәнінің мұғалімі, Казталов ОБЖСМ бокс жаттықтырушысы, Бостандық ауылдық округінің, Бостандық ауылында тұрады. Өзін өзі ұсынған.
Көктерек сайлау округі
Көктерек ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 917 азамат енгізілді, оның ішінде 861 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны– 12, "барлығына қарсы" деген жолда белгісі бар - 4.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Есенгалиев Б.С. - 709; Имангалиев Н.Т.– 136.
Көктерек ауылдық округінің әкімі болып Есенгалиев Бакытжан Сатканович сайланды, 1982 жылы туған, Көктерек ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, Көктерек ауылдық округінің, Көктерек ауылында тұрады. Өзін өзі ұсынған.
Жаңажол сайлау округі
Жаңажол ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 908 азамат енгізілді, оның ішінде 858 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны– 7, "барлығына қарсы" деген жолда белгісі бар - 26.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Алдабергенов А.Б. – 730; Карабалин М.М. – 95.
Жаңажол ауылдық округінің әкімі болып Алдабергенов Арман Булатович сайланды, 1972 жылы туған, Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы «Жалпақтал аграрлық және салалық технологиялар колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының арнайы пән оқытушысы, Жаңажол ауылдық округінің, Жаңажол ауылында тұрады. Өзін өзі ұсынған.
Казталов аудандық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 45-бабына сәйкес 2021 жылғы 26 шілдедегі шешімімен, 2021 жылғы 25 шілдеде сайланған Казталов ауданының Казталов, Бостандық, Көктерек және Жаңажол ауылдық округтерінің әкімдерін тіркеді.
Казталов аудандық сайлау комиссиясы