БҚО Казталов ауданы Қараоба ауылдық округі әкім аппараты ҚР Экологиялық кодексінің талаптарына сәйкес (57-бабы) «БҚО Казталов ауданы «Кіші Өзен» өзенінен Қараоба ауылын техникалық сумен жабдықтау» жұмыс жобасына мемлекеттік сараптама жүргізу үшін Қараоба ауылдық округі бойынша 2021 жылдың 21 мамырында мәдениет үйінде сағат 10:00-де онлайн түрінде қоғамдық тыңдаулар өткізілетінін хабарлайды.
Тапсырыс беруші: БҚО Казталов ауданы Қараоба ауылдық округі әкімі аппараты
Жобалаушы мекеме: «Уралводпроект» ЖШС. Орал қаласы, Х.Чурин көшесi 119/1 Н, тел.: 8 (7112) 53-50-57.
Қоғам өкілдері ҚОҚ жобасының материалдарымен БҚО, Казталов ауданы Қараоба ауылдық округі әкім аппаратының мекенжайы бойынша таныса алады.
тел. 8(71135) 30-6-86 және akim_kso@mail.ru мен urvodpr@mail.ru электронды поштаға өз ұсыныстарыңыз бен ескертулеріңізді жібере аласыздар.