Аудан тұрғындары үшін
АҚПАРАТ
Ағымдағы жылдың 29 наурызында сағат 15.40 шамасында облыстық маңызы бар "РФ шекарасы-Болашақ-Аққурай-Тасқала" автомобиль жолының 107-108 км-де қардың еруі нәтижесінде жолдың төменгі бөлігі арқылы су ағуда, ені - 11 м. Автокөлік қозғалысы тоқтатылды, учаске жол белгілерімен қоршалып, кезекшілік ұйымдастырылды. Елді мекендерді су басу қаупі жоқ.
Ақпарат ретімен хабарланады.
Казталов ауданының әкімдігі