Құрметті аудан тұрғындары!
"Қазсушар" РМК филиалының мәліметінше, алдағы күндері Қараөзен және Сарыөзен өзендеріндегі су деңгейінің шекті деңгейге дейін көтерілуі күтілуде. Су жағалаудан шығуы мүмкін. Бұл жағдайда ауылдар мен елді мекендерде тұрғын үйлер зардап шегуі мүмкін. Біз тұрғындардан су тасқынына дайын болуды, қажетті шараларды қабылдауды және қауіпсіз жерге алдын ала көшуді сұраймыз.
Су тасқыны кезінде не істеу керек?
Төтенше жағдай туралы алдын ала хабарлау кезінде:
- Радио, теледидар, Интернеттегі ақпаратты қадағалаңыз;
- Газды, электр қуатын және суды өшіріңіз;
- Құжаттарды су өткізбейтін пакетке ораңыз;
- Ақшаны, киімді, тамақ пен дәрі-дәрмектерді дайындаңыз;
- Бағалы заттар мен жиһаздарды жоғарғы қабаттарға немесе шатырға ауыстырыңыз;
- Үй жануарларына қамқорлық жасаңыз.
Егер су тасқыны болса:
- Өзіңізбен бірге заттарды, азық-түлік, су қорын және алғашқы көмек жинағын алыңыз;
- Су тасқыны аймағынан шығыңыз;
- Эвакуация үшін жинау орнына барыңыз;
- Мүмкін болса, су тасқыны аймағында қалған адамдарға шұғыл көмек көрсетіңіз.
Егер эвакуациялау мүмкін болмаса:
— 101 немесе 112 нөміріне қоңырау шалыңыз және орналасқан жеріңіз туралы хабарлаңыз;
— Жақын маңдағы қауіпсіз биік орынды (жоғарғы қабаттар, шатыр) мүмкіндігінше тезірек алыңыз;
– Құтқарушыларға кез–келген импровизацияланған құралдармен сигнал беріңіз (күндіз – ақ немесе түрлі-түсті сүлгімен, түнде – фонарьмен).
Казталов ауданында су тасқынының алдын алу мақсатында жедел желі іске қосылды.
Казталов ауданы әкімі аппараты:
8-71144-31167
Ұялы телефон нөмірі:
8-771-213-31-11
Казталов ауданының төтенше жағдайлар бөлімі:
8-71144-32160
Ұялы телефон нөмірі:
8-771-236-85-89
