Ағымдағы жылдың 28 желтоқсанында Казталов ауданы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссиясының төрағасы, аудан әкімі Р.Зулкашевтың төрағалығымен комиссияның жылдық жұмысы қорытындыланып, 2023 жылғы жоспары талқыланды.
Күн тәртібінде аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы А.Абешова «Аудандағы діни ахуал, деструктивті діни ағым жақтастарын оңалту жұмыстары, аудандық ақпараттық түсіндіру тобының 2022 жылы жүргізілген жұмыстардың нәтижелері» туралы баяндаса, «Ақниет» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, теолог маман Қ.Қалиолла «Деструктивті діни ағымдардың алдын алу бойынша «Ақниет» қоғамдық бірлестігінің атқарған жұмыстарының» қорытындылады. Аудандық полиция бөлімінің қызметкері И.Захаров 2022 жылы террористік тұрғыдан осал объектілерді (ТТОО) ҚР заңнама талаптарына сәйкестендіру бойынша жүргізілген тексеріс нәтижелеріне тоқталды.
Ұсыныс, пікірлер талқыланып комиссия мүшелеріне нақты тапсырмалар берілді.