Казталов ауданы әкімдігінің
2023 жылғы 14 желтоқсандағы
№ 285 қаулысына №1 қосымша
«Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ЕРЕЖЕСІ
I . Жалпы ережелер
8.Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 090700. Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы, Казталов ауылы, Ш.Шарафутдинов көшесі 2.
мемлекетік тілінде - «Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
орыс тілінде - государственное учреждение «Отдел культуры и развития языков Казталовского района Западно-Казахстанской области».
10.Осы Ереже Бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.
11.Бөлім қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерінен, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі бюджетінен (сметасынан) жүзеге асырылады.
12.Бөлімге кәсіпкерлік субъектілерімен бөлімнің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. Егер бөлімнің заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
13.Бөлімнің негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
1) аудан аумағында мәдениет және тілдерді дамыту салаларында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;
2) мәдениет, өнер, тілдерді дамыту саласының жұмысын жоспарлау, іс – шаралардың перспективалық жоспарларын, кешенді – мақсат бағдарламаларын жасақтау;
3) қазақтың ұлттық мәдениетінің өркендеуі, сақталуы, оның дамуы мен таралуын жүргізу, басқа да мәдениеттерді сақтауға, дамытуға, таратуға қамқорлық жасау;
4) инфрақұрылымдарды дамытуды, мәдениет мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуды қамтамасыз ету;
5) мәдениет мекемелерінің негізгі қызметін үйлестіруге, мәдениет және тілдерді дамыту саласындағы мемлекеттік бағдарламалардың орындалуына, материалдық – техникалық қажеттіліктер мен ұлттық құндылықтарды сатып алуға, құрылыс және күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге қаралған қаражаттың жұмсалуын үйлестіру;
6) мәдениет және тілдерді дамыту салалары бойынша көпшілік шаралардың (концерттік бағдарламалар, байқаулар, фестивальдер, қойылымдар, гастрольдер, көрмелер, тақырыптық кештер, арнайы картотекалар, шығармашылық кештер, халық серуендері, дала қызықтары, салтанатты жиындарды көркемдік жетілдіру, мерекелерді атап өту) ұйымдастырылып өткізуі;
7) аудандық әкімдіктің, барлық ведомстволар мен бірлестіктердің өкілді органдарының, меншік нысанына қарамастан ұйымдар мен кәсіпорындардың «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңды, тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын, оны іске асыру жөніндегі аудандық іс-шаралар жоспарын қоғамның бүкіл экономика, қоғамдық-саяси салаларында, әлеуметтік мәдени өмірінде жүзеге асыру жолындағы қызметтерін үйлестіру;
8) мемлекеттік органдарда, меншік нысанына қарамастан ұйымдар мен кәсіпорындарда Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңының, Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасының орындалуына бақылау мен басшылық етуді жүзеге асыру;
9) аудандық ономастикалық жұмысшы тобына және облыстық ономастикалық комиссиясы жұмыстарына тиісті құжаттарын дайындайды;
10) мемлекеттік тіл саясатын жүргізудің тиімділігін арттыру және мемлекеттік тілдің қоғамдық колданылу аясын кеңейту мен дамыту бойынша кешенді шаралар, ұсыныстар әзірлеу және жүзеге асыру;
11) мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарға, кәсіпорындарға, түрлі деңгейдегі өкілетті және атқарушы билік органдарына, білім мен мәдениет мекемелеріне, халыққа қызмет көрсетуші салаларға, құқық қорғау органдарына, бұқаралық ақпарат құралдарына тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын және мемлекеттік тілде іс жүргізуге енгізуді жүзеге асыруда әдістемелік көмек көрсету;
12) мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарға, кәсіпорындарға, мекемелерге және ведомстволарға «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңның талаптарына сәйкес деректемелер мен көрнекі ақпараттар ресімдеуде көмек көрсету;
13) Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес мәдениет мекемелері мен кәсіпорындарының халыққа көрсететін ақылы қызмет істеріне және бюджеттің қалыптасуы мен мақсатты орындалуын үйлестіру;
14) кітапхана қорының толықтырылуы мен сақталу жағдайларын үйлестіру;
15) бөлімнің ведомстволық қарамағындағы мекеме, кәсіпорындардың халыққа сапалы және уақытылы жаппай түрлі нысандағы қызмет көрсету жұмыстарын үйлестіру;
16) бөлім құзырына қатысты мәселелері бойынша аудан әкімінің шешім, өкім, қаулыларының және аумақтық бағдарламалардың дайындалуына қатысу;
17) бөлім құзырына жататын мәселелер бойынша ақпараттық-талдау материалдары мен құжаттар дайындау;
18) мәдениетті дамытудың аудандық жоспарларын әзірлейді және іске асырады;
19) мәдениет, өнер және тілдерді дамыту саласы бойынша аудандық, облыстық, республикалық деңгейде байқаулар өткізеді;
20) мәдениет, өнер және тілдерді дамыту саласы бойынша аудандық үміткерлер мен ұжымдарды таңдауды және олардың облыстық байқаулар мен фестивальдерде өнер көрсетуін қамтамасыз етеді;
21) аудан аумағындағы тарихи – мәдени ескерткіштерді насихаттау, қалпында ұстау;
14.Бөлім өзінің негізгі міндеттері мен қызметін іске асыру үшін заңнамаларда белгіленген тәртіп бойынша мыналарға құқылы:
1) Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын аудан әкімі мен әкімдіктің нормативтік – құқықтық актілерін орындау негізінде бұйрықтар, нұсқаулар және басқа да актілер шығаруға;
2) Заңнамалар белгіленген тәртіппен, бөлімнің құзырына жататын азаматтардың жеке мәселелері бойынша қабылдау, олардың хаттары мен арыз – шағымдарын қарауды ұйымдастырады;
3) Заңнамаларда белгіленген тәртіп бойынша басқа да мекеме, бөлім ұйымдарымен ақпараттық қарым қатынас жасап отыруға;
4) Заңнамаларда белгіленген тәртіп бойынша бөлім қызметкерлерін және бөлімнің ведомстволық қарамағындағы мекемелер мен кәсіпорындар басшыларын қызметке тағайындайды және босатылады;
5) Қазақстан Республикасының заңнамаларына қайшы келмейтін, бөлімнің қызметіне қатысты мәселелер бойынша семинар, кеңес, конференция, форум, мәдени көпшілік шараларды ұйымдастыруға және түрлі мекеме, органдар қоғамдық бірлестіктердің осындай шараларына қатысуға;
6) белгіленген тәртіптер бойынша мемлекеттік органдармен лауазымды адамдардан басқа ұйымдармен азаматтардан өзінің функцияларын атқаруға қажетті ақпараттар сұрату, бөлім құзіретіне жататын мәселелер дайындау барысында мемлекеттік органдармен басқа ұйымдар қызметкерлерін тартуға, кейбір мәселелерді шешу барысында уақытша жұмыс тобын құру;
7) Заңнамаларда белгіленген тәртіп бойынша мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруға құқылы.
17.«Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:
1) бөлім мамандарының және ведомстволық бағыныстағы мекеме басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындап белгілейді;
2) бөлім қызметкелерін және ведомстволық қарамағындағы мекеме басшыларын қызметке тағайындайды немесе босатады, тәртіптік шара қолданады;
3) өз құзыры шегінде бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік құжаттарға қол қояды;
4) қолданыстағы заңнамаларға сәйкес барлық органдар мен ұжымдар бөлімнің өкілетті өкілі болады;
5) бекітілген қызметкерлер саны мен еңбекақы қорына қарай жұмсалатын шығындар шегінде бөлім аппаратының шығындар сметасы мен штаттық кестесін бекітеді;
6) өз құзырына қатысты басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды;
7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған шараларды өз құзыреті шеңберінде қабылдайды және жемқорлыққа қарсы бағытталған шаралардың қабылдауына жеке жауапкершілік алады.
Бөлімнің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
18.«Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекеме аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын бөлім басшысы басқарады.
21.Егер заңнамада өзгеше көзделмесе Бөлім өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
1) Казталов ауданы әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «С.Садықов атындағы Казталов аудандық мәдени-демалыс орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
2) «Казталов ауданы әкімдігінің Казталов аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» мемлекеттік мекемесі