2026 жылға жоспарланған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың тақырыптары туралы ақпарат

 

Мемлекеттік әлеуметтік
тапсырысты қалыптастыру,
оның іске асырылу
мониторингі және нәтижелерін
бағалау қағидаларына
1-қосымша

 

Нысан

2026 жылға жоспарланған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың тақырыптары туралы ақпарат

№

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланған тақырыбы

Қаржыландырудың жоспарланған көлемі (мың теңге)

Ақпарат көзі көрсетілген негіздеме

Халықтың нысаналы тобы

Күтілетін нәтиже

1

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде мүмкіндігі шектеулі адамдарды тасымалдау қызметтері (Инватакси)  

12 360,00 мың теңге

 

Әлеуметтік желі

 

Көзі көрмейтін I топ мүгедектігі бар азаматтар,

16 жасқа дейінгі мүгедектігі бар  балалар,

Тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедек балалар,

Гемодиализ аппаратын қолданушы азаматтар,

 

Инватакси қызметін ұйымдастыру нәтижесінде мүмкіндігі шектеулі азаматтардың әлеуметтік, медициналық, білім беру және мемлекеттік нысандарға қолжетімділігі қамтамасыз етіледі. Қызмет алушылардың қозғалу еркіндігі артып, олардың қоғам өміріне белсенді араласуына жағдай жасалады. Аталған шара азаматтардың әлеуметтік бейімделуін күшейтіп, қоғамдағы әлеуметтік тұрақтылықты нығайтуға ықпал етеді.

2026 жылғы "30" қаңтардағы жағдайы бойынша

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
28 января 2026