Өтініштер бойынша жиі қойылатын сұрақтардың тізбесі

Өтініштер бойынша жиі қойылатын сұрақтардың тізбесі

№

Меморган

Жиі қойылатын сұрақ

Қысқаша жауап

Толық жауап

НҚА-ға сілтеме

Кілт сөздер және хештегтер

1

«Казталов ауданы әкімінің аппараты» ММ

Кәсіпкерлік мақсаты  үшін жер учаскелерін қалай алуға болады

Ия, кәсіпкерлік мақсаты  үшін жер учаскесін жалдау құқығын аукцион арқылы сатып алу мүмкіндігі бар

Мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сауда саттықта (аукциондарда) алу ҚР Жер кодексінің 48 бабына сәйкес жүргізіледі.

 

20.06.2003 ж

№442 ҚР Жер

Кодексінің 48 бабы

 

 

 

«Аукцион» «кәсіпкерлік мақсатта»

 

 

2

 

 

 

«Казталов ауданы әкімінің аппараты» ММ

Жер учаскесін

жалға алуға бола ма?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Иә, жер учаскесін

жалға алуға болады.

Бұл уақытша ақы

төлейтін жер

пайдалану құқығы

(жалға беру)

негізінде жүзеге

асырылады, ол

қысқа мерзімді (5

жылға дейін) және

ұзақ мерзімді (5

жылдан 49 жылға

дейін) болуы мүмкін, жерді пайдалану

мақсаттарына

байланысты.

ҚР Жер кодексінің 35, 36 және 37 баптарына сәйкес, уақытша жер пайдалану құқығы:

1. Жер учаскесi азаматтар мен заңды тұлғаларға уақытша өтеулi жер пайдалану (жалдау) немесе уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығымен берiлуi мүмкiн.

2. Егер осы Кодексте және ҚР заңнамалық актiлерiнде өзгеше белгiленбесе, уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығы 5 жылға дейiнгi мерзiмге беріледі.

Осы Кодексте көзделген шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру жағдайларын қоспағанда, уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығы қысқа мерзімді (5 жылға дейін) және ұзақ мерзімді (5 жылдан 49 жылға

дейін) болуы мүмкін.

Елді мекен шегінде объектілер салу үшін пайдаланылатын жерлер бойынша уақытша өтеулі жер пайдалану құқығы кемінде үш жыл мерзімге беріледі.

3. Уақытша өтеулі жер пайдаланудың (жалдаудың) шекті мерзімдері осы Кодексте белгіленген уақытша жер пайдалану мерзімдеріне сәйкес жер учаскесiн нысаналы пайдалану ерекшеліктері ескеріле отырып, жалдаушының өтініші негізінде белгiленедi.

4. Жер учаскелерін мемлекет меншігіне қайтару ҚР Жер кодексінің 81,92 және 93 баптарына жүзеге асырылады.

20.06.2003 ж 20

№442 ҚР Жер

Кодексінің 35,36 және 37 баптары

«Жалға алу»

«Жер учаскесі»

3

 

«Казталов ауданы әкімінің аппараты» ММ

Егер көршім менің жерімнің бір бөлігін иеленіп алса, қайда жүгіну

қажет?

Келісім бойынша сот органында немесе медиация тәртібімен

қаралуы мүмкін.

ҚР Жер кодексінің 167-бабына сәйкес, жер құқықтық қатынастарынан туындайтын даулар

Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен қаралады. Жеке меншіктегі жер учаскелерімен байланысты даулар (жанжалдар) тараптардың келісімі бойынша сот органында не медиация тәртібімен қаралуы мүмкін.

20.06.2003 ж 20

№442 ҚР Жер

Кодексінің 167 бабы

 

 

4

 

 

«Казталов ауданы әкімінің аппараты» ММ

Тұрғын үй кезегіне қою және тұрғын үй беруді сұрайды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тұрғын үй кезегіне қою немесе  тұрғын үй беру тәртібі ҚР азаматтарын есепке қою қағидаларын бекіту туралы қағидаларына сәйкес мемлекеттік қызмет аясында қаралады.

 

 

 

 

 

 

 

 

Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою қағидаларын бекіту туралы қағидаларына сәйкес мемлекеттік қызмет аясында қаралады.

Қызметті алу үшін "Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына (халыққа қызмет көрсету орталығы) немесе  www.kezekte.kz веб-порталы арқылы қажетті құжаттарды тапсыру қажет.

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажет құжаттардың тізбесі:

1) өтініш;

2) халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататынын растайтын құжат;

3) жеке басын куәландыратын құжаттары және балалардың тууы туралы куәліктерінің көшірмелері;

4) меншік құқығында оларға тиесілі тұрғын үйдің (Қазақстан Республикасы бойынша) бар-жоғы анықтама.

Жоғарыда көрсетілген құжаттар ұсынылған соң Сізге аталған мемлекеттік қызмет көрсетіліп, есепке қою немесе есепке қоюдан бас тарту туралы негізделген шешім шығады.

«ҚР Өнеркәсіп және құрылыс Министрінің 2023 жылғы 22 желтоқсандағы №151 бұйрық негізінде Республикалық бюджет есебінен тұрғын үй салуды және (немесе) сатып алуды қаржыландыру және (немесе) мемлекеттік бағалы қағаздар шығару, тұрғын үйге мұқтаж ҚР  азаматтарына тұрғын үйді мониторингілеу және өткізу қағидасына» сәйкес аталған тұрғын үйлер бірінші кезекте әлеуметтік осал топтарға кезек тәртібімен берілу тиіс. Тұрғын үй қатынастары туралы Заңының 68-бабына сәйкес әлеуметтік осал топтарға келесі санаттағы тұрғындар жатады:

-          бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдар;

-          мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар;

-          жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлер;

-          кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;

-          "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар;

-          толық емес отбасылар жатады.

ҚР 16.04.1997 ж  «Тұрғын үй қатынастар туралы» Заңының 74-бабының 1 тармағына сәйкес мұқтаждар есебiнде тұратын азаматтар өтiнiш берiлген кезден бастап, тұрғын үй тiзiмдерде белгiленген кезектілік тəртібімен беріледі.

1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" №94 Заңының 67-бабы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«тұрғын үй» «кезекке қою»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5

«Казталов ауданы әкімінің аппараты» ММ

Тұрақты жұмысқа орналасу үшін қайда жолығуға болады?

Сіз тұрғылықты мекен-жайыңыз бойынша мансап орталығына немесе электрондық еңбек биржасы арқылы (www.enbek.kz) жұмыс іздеуші ретінде тіркелесіз.

Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 20 сәуірдегі №224-VII ҚРЗ Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 98 бабына сәйкес "Жұмысы және (немесе) табысы (кірісі) жоқ, жұмыс іздеп жүрген Қазақстан Республикасының азаматтары, қандастар, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын тәртіппен жұмыс іздеуші адам ретінде тіркеледі. Мансап орталығы жұмыс іздеуші адамға жұмыспен қамту мәселелері бойынша уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын тәртіппен консультацияларды өтеусіз негізде ұсынады, жұмысқа орналасуға жәрдем көрсетеді және (немесе) әлеуметтік кәсіптік бағдарлау бойынша көрсетілетін қызметтерді ұсынады.

Мансап орталығынан, оның ішінде Электрондық еңбек биржасы арқылы жұмыс туралы ұсыныс алған жұмыс іздеуші адам мансап орталығы ұсынылған жұмысқа келісетіні немесе одан бас тартатыны туралы хабардар етуге тиіс.                                                                                                          

Жоғарыда аталған Кодекстің 101 бабына сәйкес "Кәсіптік даярлығына, еңбек өтіліне және бұрынғы мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесіне, денсаулық жағдайына, жұмыс уақытының режиміне, жұмыс орнына көлікпен жетудің қолжетімді болуына сәйкес келетін, оның ішінде уақытша сипаттағы жұмыс  ұсынады.

98 бабы ҚР 2023 жылғы 20 сәуірдегі №224 - VII ЗРК

Тұрақты жұмыс

 

Дата публикации
23 сентября 2025