БҚО Казталов ауданы Казталов ауылдық округінің әкімін сайлау қорытындылары туралы ҚОСЫМША ХАБАРЛАМА

БҚО Казталов ауданы Казталов ауылдық округінің

әкімін сайлау қорытындылары туралы

ҚОСЫМША ХАБАРЛАМА

 

2025 жылғы 13 шілдеде өткен БҚО Казталов ауданының Казталов ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша БҚО Казталов ауданының аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабына, 19-бабына, 41-бабының 6-тармағына, 42-бабының 1, 2-тармақтарына, 43-бабына сәйкес және Батыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2025 жылғы 21 шілдедегі №2794-25-00-4/840 іс бойынша шешімімен 1 (бір) сайлау бюллетенінің жарамсыз болып танылуына байланысты Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Казталов ауылдық округі бойынша №220 учаскелік сайлау комиссиясының 2025 жылғы 31 шілдедегі хаттамасы негізінде сайлау қорытындысына өзгерістер енгізді:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 3718 азамат енгізілді, оның ішінде 1338 сайлаушы дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 125, "Барлығына қарсы" деген жолда белгісі бар – 34

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Галимов Е.Б. – 758, Нигметов А.Н. – 317, Шокпанов М.У. – 104.

Казталов ауылдық округінің әкімі болып Галимов Ернар Бахтиярович сайланды, 1984 жылы туған, Казталов ауылдық округінің әкімі, Казталов ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынды.

 

 

Казталов ауданының аумақтық

сайлау комиссиясы

Дата публикации
01 августа 2025