Казталов ауданы Көктерек ауылдық округінің әкімін тіркеу туралы Казталов ауданының аумақтық сайлау комиссиясының ХАБАРЛАМАСЫ

Казталов ауданы Көктерек ауылдық округінің әкімін тіркеу туралы

Казталов ауданының аумақтық сайлау комиссиясының

ХАБАРЛАМАСЫ

 

 «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 8-1) тармақшасына және 113-1-бабының  1-, 2- тармақтарына сәйкес, 2025 жылдың 27 шілде күні Казталов ауданы Көктерек ауылдық округі әкімінің сайлауы өткізілді.

Сайлаудың қорытындысына сәйкес, Казталов ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 1 тамыздағы №71 шешімімен Даутов Мейрбек Темирболатович Көктерек ауылдық округінің әкімі болып тіркелді. 1990 жылы туған, Көктерек ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, Көктерек ауылында тұрады.

 

                 Казталов ауданының аумақтық

сайлау комиссиясы

Дата публикации
01 августа 2025