БҚО Казталов ауданы Көктерек ауылдық округінің әкімін сайлау қорытындылары туралы
ХАБАРЛАМА
2025 жылғы 27 шілдеде Казталов ауданының Көктерек ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Казталов ауданының аумақтық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 9)-тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес Казталов ауданының Көктерек ауылдық округі әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамасы негізінде сайлау қорытындысын белгіледі:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 918 азамат енгізілді, оның ішінде 588 сайлаушы дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 11, "Барлығына қарсы" деген жолда белгісі бар – 13.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Амангалиев Н.С. – 58, Габдулов А.Ж. – 88, Даутов М.Т. – 418.
Көктерек ауылдық округінің әкімі болып Даутов Мейрбек Темирболатович сайланды, 1990 жылы туған, Көктерек ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, Көктерек ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынды.
Казталов ауданының аумақтық
сайлау комиссиясы